Әкімшілік құқықбұзушылықтар – қоғамдағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің маңызды бөлігі. Күнделікті өмірде жолқозғалысы ережесін бұзу, ұсақ бұзақылық, отбасылық-тұрмыстық қатынастарға байланысты құқық бұзушылықтар, қоғамды қорындардағы тәртіпті сақтамау секілді жағдайларжиі кездеседі. Осындай құқық бұзушылықтарға уақтылы құқықтық баға беру, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – сот қызметінің негізгі бағыттарының бірі.
Қазақстан Республикасының Әкімшілікқұқықбұзушылық туралыкодексіне сәйкес, әкімшілік істердің бірқатары сотта қаралады. Әсіресе әкімшілік қамауға алу, арнайы құқықтан айыру (мысалы, көлікқұралын басқару құқығынан айыру), сондай-ақайыппұлдың едәуір мөлшері көзделген құқық бұзушылықтар сот қарауына жатады. Бұл ретте соттың басты міндеті – істі заң талаптарына сай жан-жақты және әділ қарау.
Әкімшілік істерді қараудың ерекшеліктерінің бірі – олардың жедел тәртіпте жүргізілуі. Себебі әкімшілік жауаптылықтың мақсаты құқық бұзушылыққа дер кезінде шара қолдану, оның алдын алу және құқықтық тәртіпті нығайту болып табылады. Сондықтан сотта мұндай істерді қарау мерзімдері қысқа, ал ісжүргізу тәртібі нақты белгіленген.
Әкімшілік іс материалдарының негізгі құжаты – әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама. Хаттамада құқық бұзушылықтың уақыты, орны, мән-жайы, тұлға туралы мәліметтер, куәлардың көрсетулері және басқа да маңызды деректер толық әрі нақты көрсетілуге тиіс. Тәжірибеде хаттаманың дұрыс рәсімделмеуі, тұлғаның құқықтарының түсіндірілмеуі немесе дәлелдемелердің жеткіліксізболуы секілді кемшіліктер істіқарауға әсер етеді.
Мұндай жағдайда сот заңталаптарына сәйкес тиісті шешім қабылдап, азаматтардың құқықтарының сақталуына басымдық береді.
Әкімшілік істер бойынша дәлелдемелер ретінде хаттама, тұлғаның түсініктемесі, куәлардың айғақтары, фото және бейнежазбалар, сараптама қорытындысы, сондай-ақөзге де құжаттар пайдаланылады. Сот дәлелдемелерді олардың заңдылығы, қатыстылығы және жолберушілігі тұрғысынан бағалайды. Егер дәлелдеме заң талаптарын бұза отырып алынған болса, сот оны жарамсыз деп тануы мүмкін.
Әкімшілік іс жүргізуде азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету ерекше маңызды. Әрбір азамат өзіне тағылған айыппен танысуға, түсініктеме беруге, өтінішхат жасауға, қорғаушы шақыруға, сондай-ақ сот қаулысына шағым келтіруге құқылы. Бұл құқықтардың сақталуы – әділ сот төрелігінің негізгі кепілі. Әкімшілік жаза тағайындау кезінде сот құқық бұзушылықтың сипатын, кінәнің дәрежесін, жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескереді. Жазаның мақсаты – тек жазалау емес, еңалдымен құқықбұзушылықтың алдын алу және азаматтардың заңға құрметін арттыру.
Қорытындылай келе, әкімшілік құқықбұзушылық істерін сапалы әрі заң талаптарына сай қарау қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға, азаматтардың құқықтарын қорғауға және құқық бұзушылықтардың алдыналуға ықпал етеді.
Жалағаш аудандық
сотының т.м. атқарушы
А.А.Мизанбаев
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!