Құрылтай

Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

38°C

, Жексенбі, 12 шiлде, 10:36

ҚАРТ САЙЛАУШЫ АҚ БАТАСЫН БЕРІП, ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

12.07.2026

7

0

Таңның алғашқы шапағымен сайлау учаскесіне келгендердің бірі – Аққыр ауылының тұрғыны Самал Назаров. Тоқсанның төріне озған қария бұл саяси науқаннан да шет қалмай, азаматтық міндетін орындауға асықты.

Өз таңдауын жасаған ол елдің болашағы әрбір азаматтың жауапкершілігіне байланысты екенін айтып, дауыс беру – келер күнге деген сенімнің белгісі екенін жеткізді. Қарияның айтуынша, халық сенім артқан азамат ауылдың дамуына қызмет етіп, елдің бірлігі мен тұрғындардың тұрмысын жақсартуға бар күш-жігерін жұмсауы тиіс. Ел тағдырына бейжай қарамайтын жан ақ батасын берді. Саналы ғұмырдың сара жолынан өткен қарияның ақ тілегі бүгінгі саяси науқанға ерекше мән үстегендей болды.

#сайлау2026

#мендауысбердім

#менөзтаңдауымдыжасадым

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: