Бүгін Аққырлықтар үшін маңызды күн. Себебі елді мекеннің болашағы үшін жергілікті халық өз таңдауын жасайды.
Аққыр ауылдық округіндегі №140 сайлау учаскесі таңғы сағат 07.00-де Мемлекеттік Әнұранмен ресми түрде ашылып, өз жұмысын бастады. Сондай-ақ өз таңдауын жасауға алғашқы болып келген дауыс берушіге сыйлық табысталды.
Айта кетейік, бүгін Аққыр ауылдық округінде ауыл әкімінің сайлауы өтуде. Сайлаушылардың дауыс беруі кешкі саға 20.00-ге дейін жалғасады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!