Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 21:28

КЕЗЕКТІ ЖОЛДАУ – КЕМЕЛ КЕЛЕШЕККЕ ЖОЛ НҰСҚАДЫ

26.09.2022

1045

0

Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын насихаттау жұмыстары Мәдениет ауылында жалғасты. Аталған кездесуге «AMANAT» партиясы атынан сайланған Жалағаш аудандық мәслихат депутаты, аудандық мәслихат хатшысы Гүллзат Құрманбаева және «Мырзабай ахун ауылдық округі» бастауыш партия ұйымының жетекшісі Сәлима Оспанова қатысты. Жолдаудың басым бағыты кәсіпкерлікті оның ішінде жас кәсіпкерлікті қолдау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жалағаш ауданы бойынша 2022 жылдың 1 қыркүйекке тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2713 бірлікті құрады.Ағымдағы жылдың басымен салыстырғанда жалпы тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны 159 бірлікке, ал, жұмыс жасап тұрғандар саны 176 бірлікке көбейген. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 2022 жылдың 8 айында 4 млрд 910,0 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 127,8 пайызды құрады. Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпті бастау немесе жұмыс істеп тұрған кәсібін әр қарай дамыту бағытында аудан бойынша жыл басынан 171 жоба 2 млрд 287,6 млн. теңгеге қаржыландырылып, (9жас кәсіпкер 37,1 млн теңгеге қаржыландырылды) 194 жаңа жұмыс орындары ашылды.Аудан бойынша жыл аяғына дейін 775,5млн. теңгеге 18 жоба ашылып, 77 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда – деді Гүлзат Құрманбаева.

Президент бұл жолғы Жолдауында да әлеуметтік ахуалын жақсартып, өмір сапасын арттыратын бірнеше басымдықтарды атап өтті. Ең маңызды деген тұстарына оның ішінде, төменгі жалақы, зейнет жасы, тәрбиешілердің жалақысын көтеру сынды мәселелерді қамтыды. Әділетті Қазақстан құру жолындағы ортақ мақсатқа топтастыратын Жолдауды бірге іске асыруға шақырамын! – деді Сәлима Оспанова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: