Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Сенбі, 21 желтоқсан, 19:26

27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

27.09.2022

593

0

ҚР-ның басым бөлігінің ауа райын солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер анықтайды, онымен бірге жаңбыр, шығысында – қатты жаңбыр, солтүстігінде – жауын-шашын, жаңбырдың соңы қарға ұласуы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қазақстанның батыс аумағы жоғары қысым аймағында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстігінде, шығысында – найзағай, солтүстігінде – тұман күтіледі.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: