Қызылорда облысының тұрғындары Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 39,4 млрд теңге аударды. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі хабарлады.
«Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап биылғы жылдың 1 қазанына дейінгі аралықта Қызылорда облысында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 39,4 млрд. теңге аударылған. Бұл қаражаттың 24,9 млрд. теңгесі, яғни, 63,2 пайызы жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 14,5 млрд. теңгесі, яғни, 36,8 пайызы жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі», – деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.
Айта кетейік, жарна төлеу жағынан Қызылорда қаласы, Шиелі мен Жанақорған аудандар көш бастап тұр.
Жинақталған қаржы сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген Ұлттық банкте сақталады. Сондай-ақ қаржы МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалуда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!