Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Бейсенбі, 26 желтоқсан, 17:23

  ЕСІРТКІСІЗ ӨМІР ҒАЖАЙЫП!

04.11.2022

544

0

                                        

«Есірткі» деген сөз қазіргі жастар мен жасөспірімдерді елеңдетіп, есін алатыны жасырын емес. Әрине, жасөспірімдердің, яғни біздің замандастарымыздың не нәрсеге де қызығушылық танытуы заңдылық. Оның зиянды жағы мен пайдалы жағын ойлап жатпайды. Сондай қызығушылықпен немесе біреулердің азғыруымен есірткінің бір мәрте дәмін алған жасөспірім өмір бойы соған тәуелді болып қалады. Ал, кез-келген зиянды нәрсеге деген тәуелділік адам баласын теріс жолға түсіріп, өмірлік бағытынан адастыратыны белгілі. Өйткені, аты айтып тұрғандай – тұтынғандарға аз ғана уақыт қиял әлемін аралатып, бір сәттік алдамшы сезімге түсіретін есірткіге құмарлықтың, тәуелділіктің соңы өлімге апарады. Өлім болғанда да, нашақорлар адам жаны төзбейтін азапты өлімді бастан кешіреді екен. Бұны біз нашақорлыққа қарсы күрес орталығының түрлі ресми ақпараттары мен ескертпелері арқылы және ата-аналарымыздың ақыл-кеңестерінен естіп-біліп отырамыз. Есірткінің адам денсаулығы мен өміріне қауіпі мен қатері орасан зор. Оның құрамындағы аса зиянды заттар адам қанына сіңген соң ағзаның барлық бөлігін улап, жарақаттайды.

      Адамзат баласы есірткінің зардабын тартып келеді. Сондықтан бүгінде әлем халқы есірткі қолдануға белсенді түрде қарсылық білдіруде. Дүниежүзіндегі мемлекеттердің барлығы адамды бейсаналы күйге түсіріп, азғындыққа апаратын есірткі заттарына қарсы әрекет ету мақсатында қатал заңдар қабылдады. Тіпті кейбір мемлекеттерде есірткі тұтынған адамдарды өлім жазасына кеседі. Біздің еліміз де бұл жағдайға бей-жай қарамайды. Есірткі пайдаланған кез-келген азаматқа аяушылық жоқ. Заң жүзінде жазасын алады. Яғни ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылады. Бірақ, біз, жастар мен жасөспірімдер бұл заңды белсенді түрде қолдаймыз. Тіпті есірткіге қарсы қабылданған заңдардың әлі де қатая түскенін қалар едік. Әлемде және елімізде түрлі тақырыппен есірткі заттарына қарсы ұйымдастырылып жатқан шараларға біз де өз үлесімізді қосып, қатар-құрбыларымызға, еліміздің барлық өңірлеріндегі мектеп оқушыларына үндеу жариялап, нашақорлыққа тәуелді болған ересектер мен жастарды ажал аузынан арашалап алғымыз келеді. Өйткені, біздің алдымызда жарқын болашаққа есірткісіз барамыз деген үлкен мақсат тұр.

                                                                                         Қалдыбай Ғайникамал,

                                      Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы 

                                                Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға

#есірткігеқарсыбайқауы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: