Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Жұма, 27 желтоқсан, 20:09

Сотқа құрмет көрсетпеушілік таныту

08.11.2022

373

0

Елімізде сот билігінің имиджін үнемі нығайтып отырмен, жүргізіліп жатқан реформалармен, қоғамда сотқа және тұтас мемлекеттік билік институтына құрметпен қарауды қалыптастырумен байланысты.

Сотқа құрметтемеушілік бойынша жауапкершілік сот процесіне шақырту алған тараптардың дәлелді себепсіз сотқа келмеуі немесе сот отырысы барысында құқық бұзушылыққа жол берген жағдайында тағайындалады.

Сот билiгi,Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi. Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Соттың ерекше өкiлеттiгiн басқа органдарға берудi көздейтiн заң актiлерiн шығаруға тыйым салады. Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкiлеттiгiн немесе сот билiгi функцияларын иеленуге құқығы жоқ. Сот билiгi азаматтық, қылмыстық және заңда белгiленген өзге де сот iсiн жүргiзу нысандары арқылы жүзеге асырылады.

Сотқа немесе судьяға құрметтемеушiлiк бiлдiру заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шараларын сот баршаның сот алдында теңдігі конституциялық қағидатын және сот төрелігінің міндеттерін іске асыру мақсатында қолданады.

       Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін бұған кінәлі адамдар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартылады.

       Егер сот отырысында тәртіп бұзушының әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болса, осы адам қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

Егер сотқа құрметтемеушілік сот отырысында білдірілсе және тәртіп бұзушы сот отырысының залынан шығып кеткен жағдайда, сот отырысынан тыс сотқа құрметтемеушілік білдірілмеген кезде, сондай-ақ егер сот отырысына келуден жалтару белгіленсе, сот приставы немесе соттың өзге жұмыскері сот төрағасының немесе сот отырысына төрағалық етушінің ауызша өкімі бойынша құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды, бұл туралы құқық бұзушылық туралы хаттамада көрсетіледі.

Сотқа құрмет көрсетпеушіліктің, егер онда басқа арнаулы әкімшілік тәртіп бұзушылықтың немесе қылмыстың белгісі болмаса, кінәлі деп табылған адамдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады, осыған сәйкес сотқа немесе сот белгілеген тәртіпке көпе-көрінеу менсінбеушілік әрекеттеріне айғақ боларлық кез-келген әрекеттің (әрекетсіздіктің) сотқа құрмет көрсетпеушілік болып табылатынын түсіну керек.

                                                                                                             Аян АЛТЫНБАЕВ.

                                                                                                    Жалағаш аудандық сотының

                                                                                                    кеңсе меңгерушісі

                                                                                                    «Қызылорда облыстық судьялар   

                                                                                                    Одағының мүшесі»

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: