Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Жұма, 27 желтоқсан, 04:10

Мөрәлі Шәменовты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир өтті

27.11.2022

692

0

Жалағаш кентіндегі Мәдениет және өнерді дамыту орталығында ауыл шаруашылығының көрнекті ұйымдастырушысы Мөрәлі Шәменовты еске алуға арналған дзюдодан 2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирдің ашылу салтанаты болып өтті.

Турнирге Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда облыстарынан, Орал, Шымкент, Қызылорда қаласынан, облыстың барлық аудандарынан келген 20 команда, 235 спортшы 9 салмақ бойынша күш сынасуда.

Мөрәлі Шәменов – әлеуметтік саланың дамуына, мәдениет пен өнердің, спорттың биік белеске көтерілуіне аянбай тер төккен азамат.

Бұл турнир туған жерінің көркеюіне, ауылшаруашылығының өркендеуіне, ақ күрішті ақ алқапқа айналуына саналы ғұмырын сарп еткен, болмысы ерен тұлға Мөрәлі Шәменовке арналуы ұрпақтар сабақтастығының бір көрінісі.

Турнирді ашу үшін алғашқы сөз аудан Асқарбек Есжановқа берілді. Аудан басшысы өз сөзінде барша жалағаштықтар үшін орны бөлек, біртуар азамат Мөрәлі Шәменовтың артынан қалдырып кеткен өшпес мұрасы жайында айтты. Сонымен бірге Қызылорда облыстық мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Асылжан Жаманқұл, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев және ұрпақтары атынан Өмірбек Шәменов сөз сөйлеп, барша қатысушыларға Мөрәлі ағамыздың әруағы қолдасын деген игі тілектерін білдірді.

Әрі қарай спорттық шара Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас дзюдошылардың жекпе-жегімен жалғасты.
 

8.jpg
10.jpg
9.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: