Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тұрғындарды Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады.
Құрметті жерлестер!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Ынтымақ пен ырыс, татулық пен тұрақтылық – біздің ең асыл құндылық. Бірлігі бекем елдің – болашағы берік, бұл бүгінгі баға жетпес байлығымыз!
Өңір халқы үшін бұл мерекенің орны ерекше.
Халықтар достығы – Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпыұлттық келісімнің керемет көрінісі.
Ежелден қазақы қасиеттің қаймағы бұзылмаған, ұлттық дәстүрдің дәреже-дәрпі үзілмеген Сыр өңірінде ұлт пен ұлыстың бірлікке ұйыған берекесі бар.
Ұлтаралық және конфессияаралық келісім, өзара түсіністік пен сыйластық – қоғамның қастерлі қағидасына айналды.
Қазір облыста 11 ұлттық мәдени орталық жұмыс істейді. Мәдени орталықтар аймақтағы 36 ұлт өкілінің ынтымағына бастамашы. Тілі басқа, тілегі бір көп ұлттар бірлікке ұйып, көк тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп келеді.
Бірлік мерекесінде баршаңызға бақыт, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.
Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ынтымағы арта берсін.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!