Астрологтар адамның дүниеге келген айы оның мінезіне әсер етеді деп санайды. Ендеше, мамырда дүниеге келгендер қандай болады? Бұл гипотезаны өз тәжірибеңізбен салыстырып көріңіз.
Мамыр – әдемі және құнарлы ай. Айналада бәрі гүлдеп, тіпті, алғашқы жидектер пайда бола бастайды. Сол секілді мамырда дүниеге келгендердің көпшілігі дарындарға, қабілеттерге және қызығушылықтарға бай.
Егер мамырда дүниеге келгендер қандай да бір мақсат қойса, олар жігерлі болады. Егер іске керек болса, олар тек алға жылжиды: жылдам болмағанымен сапалы істейді. Ал егер мақсат пен міндеттер болмаса, олардың жалқаулығы басып, қоршаған ортаның сұлулығына тамсануды жөн көреді.
Мамырда дүниеге келген адамдар әрдайым сұлулыққа және үйлесімділікке талпынады. Олардың туа біткен талғамы бар. Олар дастархан жайса да, киім таңдаса да, жұмыс қағаздарын реттесе де, бәрін әдемі етіп жасағысы келеді. Олар өзінің айналасындағы әлемді керемет еткісі келеді.
Егер отбасыңызда мамырда дүниеге келген бала бар болса, ата-ана ретінде оның эстетикаға және үйлесімділікке деген талпынысын дамытуға тырысыңыз: сурет салуға немесе әнге беріңіз, баланы әлемдік мәдениетпен таныстырыңыз, жеке кеңістігін ұйымдастыруды үйретіңіз, балаға қажетті заттарды, мысалы, төсек-орынды таңдағанда, оның пікірін сұраңыз.
Сондай-ақ, мамырда дүниеге келгендер өте қырсық. Мысалы, егер бала бүгін бұл киімді кимеймін деп шешсе, оны кигізу үшін жүйкеңізді біраз тоздыруыңыз мүмкін. Баланы қинамаңыз, компромисс табуға тырысыңыз. Балаға не үшін оны бүгін киюге болмайтынын айтып, нақты аргументтермен келтіріңіз. Себебі мамырда дүниеге келгендердің ойлауы жақсы дамыған және олар логикалық шешімдерді жақсы көреді.
Мамырда туғандар – сенімді дос және адал серік. Олар құқпияны жақсы сақтайды және қиын кезде оларға сенуге болады. Олардың көпшілігі күйзеліске қарсы тұра алады.
Бұл айда дүниеге келгендердің тасы – зүбаржат. Ежелде бұл тасты «көктемнің жүрегі» деп атайтын болған және оны сенімнің және жаңарудың символы санаған. Бұл тас өз иесіне тыныштық сыйлайды деп санайды. Ал олардың гүлі – меруертгүл (ландыш). Бұл гүл тазалықты және пәктікті білдіреді.
Ақпарат дереккөзі: massaget.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!