Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

8°C

, Сәрсенбі, 27 қараша, 12:05

Пандемия 7 жылға созылуы мүмкін

10.02.2021

637

0

Пандемия қашан аяқталады? Bloomberg ақпарат агенттігі бұл сұраққа жауап беру үшін вакцинациялау қандай қарқынмен жүріп жатқанын есепке алу керек дейді. Басылым вакцинация осы қарқынмен жүрсе, пандемияны толығымен жеңу үшін 7 жыл керек дейді.

Bloomberg қазір әлемде күн сайын 4,5 миллион адамға вакцина салынып жатыр, әрбір адамға вакцинаның екі дозасы салынады десек, Жер бетіндегі халықтың 75 пайызына вакцинаның екі дозасын салу үшін 7 жыл кетеді дейді. Басылым індеттің бетін қайтарып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін әлемдегі адамардың 75 пайызына вакцина егілуі керек деп жазады.

Bloomberg  пандемияның беті қашан қайтатынын анықтау үшін әр елде күн сайын қанша адамға вакцина егіліп жатқанын есепке алып, оны калькуляторға салған.

Bloomberg әлем елдерінде вакцинаға қол жеткізуде теңсіздік байқалып жатыр дейді. АҚШ-та күніне 1,3 миллион адамға вакцина салынып жатыр. АҚШ-тың 75 пайыз халқына вакцинаның екі дозасын салу 11 айға созылады. Израильде бұл көрсеткіш жақсырақ, өйткені қазірдің өзінде Израиль халқының 21 пайызына вакцина салынды. Жалпы, бұл елде 100 адамға 58 доза вакцинадан келеді. Вакцинация қазіргі қарқынмен жүрсе, Израиль халқының 75 пайызына небәрі екі айдың ішінде вакцина салынады. Ал вакцинация баяу жүріп жатқан Канадада халықтың 75 пайызына вакцинаның екі дозасын салу 10 жылға созылуы мүмкін.

Дегенмен Bloomberg калькуляторы вакцинациялаудың қазіргі қарқынын ғана ескерген. Кей елдерде қазір баяу жүріп жатқан вакцинация тиісті келісімшарттар жасалған соң жылдам жүруі мүмкін. Мысалы, Канадада. Мемлекеттер вакцинацияны қарқынды жүргізе бастаса, Bloomberg болжамы да өзгермек.

Ақпарат агенттігі жаппай вакцинация әр елде әртүрлі кезеңде басталды және әртүрлі қарқынмен жүріп жатыр, Еуропа елдерінде қазіргідей қарқынмен жүрсе, халықтың 75 пайызын вакцинациялау бірнеше жылға созылуы мүмкін дейді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: