Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 19:58

Әскерге барғандар оқуға жеңілдікпен түседі – Президент

05.05.2023

591

0

2024 жылы әскери атақ үшін жалақы 30 пайызға көтеріледі.Мемлекет басшысы әскери қызметте «әлеуметтік лифттің» болуы маңызды екенін атап өтіп, қазір осы бағытта нақты жұмыс жасалып жатқанын айтты, мысалы, әскери борышын өтеп келген азаматтар енді жоғары оқу орнына жеңілдікпен түседі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

«Биыл әскери ұшқыштардың жалақысы орташа алғанда 60 пайызға өседі. Осы саладағы оқытушылар мен дәрігерлердің жалақысы да көбейеді. Келесі жылы әскери атақ үшін төленетін айлық ақы 30 пайызға артады», – деді Президент Бүкілармиялық кеңес отырысында.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы әскери қызметшілерді зейнетақымен қамту мәселесі де қайта қаралатынын атап кетті.

«Сержанттарды, офицерлерді әлеуметтік қолдау жұмысы жалғасады. Олар тұрмысына алаңдамай, ел қорғауға сақадай сай болуы керек», – Мемлекет басшысы.

«Әскери борышын өтеп келген азаматтар енді жоғары оқу орнына жеңілдікпен түседі. Мерзімді әскери қызметтегі сарбаздар несиесін төлеу міндетінен уақытша босатылады. Сондай-ақ олар өздері қаласа, армия қатарынан нақты мамандық алып шығады. Жалпы, сарбаздарды әлеуметтік қолдау шараларын мейлінше көбейту қажет.

Әскерде жүрген жастарымыз нағыз сарбаз, нағыз маман болып шығуы – міндет. Олар өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болуға тиіс. Әскери қызметшілерге жақсы жалақы төленуі керек. Үкімет Күштік құрылымдарға еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне көшкен кезде осыны ескеруге тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент әскери мамандар даярлау үшін басқа да жоғары оқу орындарының мүмкіндігін кеңінен пайдаланған жөн екенін еске салды. Ректорлар студенттердің жауынгерлік дайындығына тікелей жауапты болуға тиіс. Әскери қауіпсіздік мәселесі ғылыми тұжырымға сүйенуі керек. Яғни, ғылыми-зерттеу жұмысына басымдық беру қажет.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: