Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Жексенбі, 24 қараша, 01:29

Мектеп мақтанышы

11.05.2023

1540

0

Кейіпкеріміз биыл мектеп бітіреді. Оның ұстаздары осыған дейін қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген қызығыушылығы жоғары болғанын айтады. Тіпті мәнерлеп оқуда, поэзия кештерінде дараланған Ұлжан Қайрат мұндай жарыстарда бірнеше рет жүлдегерлер қатарынан табылған.

Мектеп түлегі биыл ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға талаптанып отыр. Бү­гінде Ұлжан үлкен дайындық үстінде. Са­бақ уақытында қолы қалт етсе, кітапхана барады. Баланың бүгінде ізденісі жоғары.
– Өзім көпбалалы отбасынан шыққан­мын. Алдымдағы аға-апаларым мұғалім, дәрігер болып жұмыс жасауда. Мен де болашақта соларлың жолын жалғап, бір мамандықтың иесі болып, елдің дамуына өз үлесімді қосқым келеді. Оқу жылының түгесілуіне де де аз уақыт қалды. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықты қыркүйек айынан бастап кеттік. Әзірге нәтиже жаман емес. Ал нақты нәтиже алдағы уақыттың еншісінде, – дейді мектеп түлегі.
Сынып жетекшісі Индира Жамшиева Ұлжанның дайындық барысында жи­на­ған баллында айтарлықтай өсім қалып­тасқанын айтады. Осыған дейін қазақ тілі мен әдебиеті пәніне қызығыушылығы ба­сым болған оқушының бүгінде алға қойған мақсаты мүлде басқа.
Ұлжан Қайрат бүгінде екі пәнді таңдап отыр. Оның бірі география болса, енді бірі – математика. Ол алдағы уақытта Асқар Жұмаділдаев секілді математик бо­лып, елдің ертеңіне елеулі еңбек сіңіруді көздейді.
– Болашақта Алматы қаласындағы Қазақ Ұттық университетіне оқуға түскім келеді. Осылайша экономист мамандығын игеріп, қаржы саласында қажырлы еңбек еткім келеді. Әзірге дайындық ба­ры­сын­дағы көрсеткішім жаман емес. Бірақ оған тоқмейілсуге тағы болмайды. Түстен кейін ұлттық бірыңғай тестілеуге дайын­да­ламын. Көбінесе уақытымды кітапханада өткі­земін. Олай етпесек, тағы болмайды. Алдағы уақытта білім шыңын бағындыру үшін осылай еңбек етуге тура келеді. Ұстаздарым да дайындықты күшейтуде. Енді соның нәтижесін көрсек болғаны, – дейді қарындасымыз.
Ұлжанның бүгінде үлкен ізденіс үстінде жүргенін бағамдау қиын емес. Мәселен, ол ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық кезінде күз айларында 69-70 балл жинаса, кешегінаурыз айындағы тест нәтижесімен 101 баллға ие болған. Осыдан-ақ оның білімге құштарлығын, ізденімпаздығын бі­луге болады.
– Алтыншы және жетінші сыныптарда оқитын кезімде мүшәйраларға, поэзия кештеріне қатысатынмын. Бұл пән бойынша ұйымдастырылған жарыстарда да жеңіс тұғырынан көрінген кездерім болды. Сегі­зінші сыныпта бір рет математика пә­ні­нен олимпиадада бақ сынадым. Ау­дан­дық кезеңде екінші орын алып, об­лыс­тық ке­зең­ге өте алмай қалғаным бар. бүгінде таңдау пәнімнен дайындық барысында 30-37 балл жинап жатырмын. Ұлағатты ұстаздарым дайындық қарқынын арттыруда. Біз де оларға ілесуіміз керек. себебі бұл оқу жы­лы­ның да бітуіне аз уақыт қалды. Енді бір аттасақ, ұлттық бірыңғай тестілеуге де келіп жетеміз. Сондықтан «Әлі уақыт бар ғой» деген түсініктен арылу керек, – дейді мектеп түлегі.
Жалпы, жалағаштық түлектер өзге аудандарға қарағанда ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары баллға қол жеткізуімен дара. Ауданда аталған саланың серпін алуында оқушылдардың да өзіндік үлесі бар. Түрлі деңгейдегі олимпадаларда топ жарып, мемлекеттік грантпен жоғары оқу орындарында білім алуға аудан түлек­терінің қол жеткізуі бұл сөзімізді қуаттайды.
Ұлжан Қайрат та алдағы аға-апала­рының ізін жалғап, мектеп мерейін үстем еткісі келеді. Ізденімпаздығымен дара­лан­ған оқушыға ұстаздары да үлкен үміт артып отыр. Қазір қарындасымыз сенімді ақтаудың қамына кірісіп кетті. Әр сабақтан кейінгі үзілістерде оны залдан емес, кітап­ханадан табасыз. Бастысы, мұның бәрі өз жемісін беріп жатыр.
– Былтыр да біршама түлек мемле­кеттік грантпен ЖОО-ға оқуға түсті. Биыл да жақсы жетістікке жетеміз деген үміт бар. Әсіресе осы қызыма үлкен үміт ар­тамын. Ұлжан үнемі ізденіс үстінде жүреді. Дайындық барысында жинаған баллы да жоғарылауда. Осының өзі оның тыңғылықты дайындық үстінде екенін аң­ғартса керек. Жалпы, бұл оқушымның бар­лық пәннен үлгерімі жақсы. Сондықтан алдағы уақытта оның болашағы жарқын боларына сенемін, – дейді сынып жетекшісі И.Жамшиева.
Білімге құштар қарындасымыз артында ата-анасы, ұстаздары үлкен үміт артып отырғанын жақсы біледі. Оның үстіне мық­ты экономист болуды мақсат еткен адам­ға мұндай ізденіс керек те. Міне, оның бү­гінде бос уақытын тиімді пайдалануға ты­рысатыны да сондықтан. Ұлжанның ал­дағы уақытта қалаған мамандығын игеріп, егемен елдің ертеңіне саналы ғұмы­рын арнайтынына біз де сенеміз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: