Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Жексенбі, 24 қараша, 07:16

Қазақстан қаламгерлері Алматыда бас қосып жатыр

12.05.2023

8358

0

Алматыда Жазушылар одағының ХVI құрылтайы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құрылтайға Жазушылар одағының басқарма мүшелерімен қатар, еліміздің барлық өңірлеріндегі мүшелері, филиал директорлары қатысады. Сонымен қатар алыс-жақын шет елдерден құрметті қонақтар, еліміздің өнер мен ғылым қайраткерлері шақырылған.

«Құрылтайдың жақсы бір қасиеті – көп жыл бойы көрмеген ескі қаламдас достарымызды көріп отырмыз. Сондықтан әзірше құрылтайдың атмосферасы көңілді деп айтуға болады. Әрине, жазушылардың құрылтайы ешқашан үнсіз өткен емес, жазушылардың үні әрдайым естіліп отырады. Өйткені жазушылық дегеннің өзі еркіндік. Сондай-ақ мойындайтын нәрсе – әр жазушы өзінше лидер. Сондықтан қай лидерді сайлайтынымыз белгісіз болып тұр», деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Смағұл Елубай.

Жазушылардың бұл алқалы жиынында екі құрылтай аралығында атқарылған шаруаларға есеп беріліп, әдебиетке қатысты мәселелер көтеріледі, бағыт-бағдар айқындалады. Және құрылтай барысында Қазақстан Жазушылар одағына төраға сайлауы өтеді. Үміткер кандидаттар арасынан дауыс беру арқылы төраға сайланады. Сонымен қатар төраға орынбасарлары мен хатшылық құрамы белгіленеді.

Жазушылардың бұл алқалы жиынында екі құрылтай аралығында атқарылған шаруаларға есеп беріліп, әдебиетке қатысты мәселелер көтеріледі, бағыт-бағдар айқындалады.

«Қазақстан Жазушылар одағының жарғысына сәйкес 5 жылда бір рет есеп беру-сайлау жиналысы болып тұрады. Бүгін мінекей Қазақстан жазушылары мен қаламгерлерінің үлкен жиыны, үлкен бас қосуы. Бұл өткен 5 жылға есеп беріп, алдағы 5 жылда атқарылатын жұмыстарға бағыт-бағдар белгілейді. Бүгінгі жиынның алдында өте көп дау-дамайлар болды. Бірақ қазіргі Қазақстанның өтпелі жағдайында біздің елімізге тұрақтылық керек. Ол тұрақтылық зиялы қауымнан, Қазақстан Жазушылар одағы сияқты үлкен бірлестіктен басталады. Сондықтан бүгінгі жиында өздерінің шешімдерін еліміздің ертеңі үшін баянды болатындай қабылдайды деп сенемін», деді жазушы-публицист Марат Тоқашбаев.

Төраға қызметіне кім ұсынылып, кім сайланатыны әзірге белгісіз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: