Ұлттық бірыңғай тестілеуге оқушыларға еркін киіммен қатысуға рұқсат етілді, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ оқушыларға өзімен бірге су және шоколад алып кіруге болады.
«Құрметті талапкерлер! Сіздерге ҰБТ-ға мектеп формасымен келудің қажеті жоқ екенін айта кетейік. Яғни тестілеуге еркін киімде қатысуға болады. Бірақ этикаға сай, ұқыпты киініп келулеріңізді сұраймыз», – делінген ақпаратта.
Айта кетейік, биыл ҰБТ 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өтеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!