Жалпы киіктердің мекен етуі Бетпақдала, Үстірт және Орал популяцияларына бөлінеді. Бұл – еліміздің барлық өңірлері ақбөкендер мекеніне айналып жатқанының айғағы. Бүгінгі күні киікке қатысты мәселе бүкіл елдің назарында екені белгілі.
Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы 2015 жылғы 24 шілдедегі №190 бұйрығының талабына сәйкес ғылыми мақсаттарда пайдаланудан басқа, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында киіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға 2024 жылға дейін тыйым салынған.
Алайда, осындай тыйымдармен шектеулерге қарамастан ақбөкен жануарларына қатысты қылмыстық істер тіркелуде.
«ОХОТЗООПРОМ»ӨБ» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Қызылорда өңірлік филиалы барлығы 46 штаттық бірлікте жұмыс жасайды, атап айтқанда; филиалда Қызылорда, Сексеуіл, Шымкент деп аталатын үш трек пункті және күшейтілген топтан, барлығы 35 табиғатты қорғау инспекторларынан құрылған, 6 мобильдік топ 16 автокөлікпен табиғатты қорғау жұмыстарын жүргізуде. Оның ішінде: Қызылорда бекетінде 2 топта 12 инспектор бар, оның екеуі жүргізуші 6 автокөлік бөлінген. Ал Шымкент бекетінде 1 топта – 6 инспектор, 1 жүргізуші, 3 автокөлік бар.
Сексеуіл бекетінде 2 топта 11 инспектор бар. Күшейтілген топта 6 2 автокөлікке 6 инспектор бөлінген.
6 қылмыстық іс-әрекетке тосқауыл қойылды
Киелі жануарларға мылтық кезейтіндер әлі де азаяр емес. «ОХОТЗООПРОМ»ӨБ» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Қызылорда өңірлік филиалының мәліметіне сәйкес, былтыр табиғатты қорғау заңнамаларын бұзу деректерін анықтау мақсатында жүргізілген жұмыстар барысында, Қызылорда өңірлік филиалына бекітілген Қызылорда мен Түркістан облыстары аумақтарында қылмыстық 18 дерек, әкімшілік заң бұзушылық бойынша 8 дерек анықталған, атап айтқанда Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 339 бабымен 8 дерек, 337 бабымен 8 қылмыстық деректер анықталған. Оның ішінде: Қызылорда облысы бойынша 10 қылмыстық деректің 2-і дерегі киік аңының мүйіздерімен, 8-і дерегі киік аңының өлі денелерімен анықталған жәнеде2022 жылы барлығы 193 үгіт насихат жүргізілді, 81 бірлескен іс-шара жүргізілді, оның ішінде полиция қызметкерлерімен – 54, инспекция қызметкерлерімен – 12 және басқада мекемелерімен – 15 бірлескен іс-шаралар.
2023 жыл басынан бастап 30 мамыр күні аралығында Қызылорда филиалы инспекторларының табиғат саласындағы заңсыз аңшылықтардың жолын кесу жұмыстарын жүргізу барысында ҚР қылмыстық кодексінде қаралған 6 қылмыстық әрекеттерге тосқауыл болып, құқық қорғау органдарына тапсырылған. Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 382 бабымен 4 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылып құзырлы органдарға шешім қабылдау үшін жолданып, тиісті шешімдері қабылданып салынған айыппұлдар өндірілген.
Филиал қызметкерлері мен ауыл тұрғындары арасында табиғат заңдылығын сақтау, киік қорғау жұмыстары бойынша 2023 жыл басынан бастап елді мекендерде 75, бұқаралық ақпарат құралдарына-6 үгіт насихат (агитация) шаралары өткізілген.
«Киік» табиғатты қорғау акциясы: қылмыстық құқық бұзушылық анықталмады
Табиғат заңдылығын сақтау, киік қорғау жұмыстары бойынша осы күн аралығында 47 бірлесіп іс-шара жүргізді.
Табиғат байлықтарын келер ұрпаққа сақтап, жеткізу мақсатында қорғауға ат салысу әрбір адамзаттың міндеті.
Көктем кезінде «Киік» кең ауқымды табиғат қорғау акциясы 15 сәуір-15 мамыр аралығында өтеді.
Акцияның мақсаты лактация кезеңінде киіктерді қорғауды күшейту, сондай-ақ ел аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың жолын кесу бойынша бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
«Охотзоопром» РМҚК-ның Қызылорда аумақтық филиалы жүргізілген «Киік» атты табиғатты қорғау акциясы барысында, Қызылорда және Түркістан облыстары аумағында ішкі істер департаменттерімен және аумақтық инспекцияларымен бірлескен іс-шара жоспарын жасалып, табиғатты қорғау жұмыстарына арнайы мобильді топтар құрып 3-бағытта тосқауыл бекеттерін қойды.
«Киік» атты табиғатты қорғау акциясының шараларына 12-автокөлік, 25-инспектор, 6-мобильдік топ жұмылдырылып жұмыс жасауда, 14-бірлескен іс-шаралар, 2-Брифинг, 6-БҰАҚ, елді мекендерде 22-үгіт насихат жиндары өткізілді, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар «Киік акциясы» аясында анықталмаған.
Жануарлар дүниесi – Қазақстан Республикасының аумағын тұрақты немесе уақытша мекендейтiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрлықтағы қайраңының және айрықша экономикалық аймағының табиғи ресурстарына жататын жануарлар жиынтығынан құралған табиғат байлығының ажырамас бөлігі. Сондықтан да оны көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа бүтіндей жеткізу бүгінгінің міндеті.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен Ішкі істер министрлігі және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлескен бұйрығына сәйкес «Киік» кең ауқымды акциясын өткізу мақсатында 2023 жылдың көктем, қыс мезгілдерінде өткізілетін бірлескен іс-шара жоспары (бұдан әрі – жоспар) бекітілген.
Қызылордада жаппай киік төлдеп жатыр
Қызылорда облысында киік төлдей бастады. Мұндай көріністі тәуелсіздік жылдарынан бері көрмеген мамандар аң-таң.
Бұл Бетпақдала популяциясының қалпына келе бастағанын көрсетеді. Сайын дала сұлулары бұрын Сыр өңіріне қыстауға ғана келіп, ұрпақ өрбітетін уақытта кетіп қалатын.
«Киіктер көбеюіне байланысты біздің облыста да төлдеп жатыр. Бұл 30 жылдан бері болмаған көрініс. Қазіргі күні жалпы аң санының шамамен 90 проценті төлдеп болды», – дейді «Охотзоопром» РМҚК өңірлік филиалының басшысы Расул Маханов.
Дархан дала еркесін қорғау мақсатында 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында арнайы акция өтті. Әйтеуір заң бұзған ешкім болған жоқ. «Охотзоопром» дерегінше, жыл басынан бері инспекторлар қаскөйлердің 6 қылмыстық әрекетіне тосқауыл болып, іс құқық қорғау органдарына тапсырылды. Сонымен қатар 4 әкімшілік құқық бұзу дерегі бойынша айыппұл өндірілді. Әуе санағы Бетпақдала популяциясындағы киік саны биыл 745 мыңнан әрі екенін көрсетті. Ал 4 жыл бұрын небәрі 111 мыңнан асатын.
Айта кету керек, Қазақстанда киіктердің төлдеу кезеңі мамыр айының басында басталған-ды. Бұл мамыр айының соңына дейін жалғасты. Осыған орай, киіктер жиналатын және қоныс аударатын жерлерде мамыр айының басынан бастап төлдеу үшін қауіпсіз жағдай жасалып, күшейтілген рейдтер жүргізілді.
Киіктер еліміздің 10 облысын мекендейді. Бұл ретте, бірлескен бұйрық негізінде табиғатты қорғау құрылымдарының қатысуымен кең ауқымды «Киік» табиғатты қорғау акциясы өткізілді. Акция шеңберінде киіктер шоғырланған мекендерге және төлдейтін учаскелеріне блок-бекеттер қойылып, қорғау іс-шаралары күшейтілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!