Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

10°C

, Жексенбі, 27 қазан, 04:24

23 МАУСЫМ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІ

23.06.2023

742

0

Мемлекеттiк қызметшiлер – Қазақстан Республикасы Президентiнiң саясатын қолдауға, өзiнiң iс-әрекетiмен мемлекеттiк билiктiң беделiн нығайтуға, Қазақстан Республикасы Конституциясын басшылыққа алуға, қоғам мен мемлекеттiң игiлiгiне қызмет етуге, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, өтiнiштер бойынша белгiленген мерзiмде қажеттi шаралар қолдануға, адал, әдiл, қарапайым да сыпайы болуға, Қазақстан халқының бiрлiгi мен елдегi ұлтаралық келiсiмдi нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттiк тiлге және басқа тiлдерге, Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлерiне құрметпен қарауға міндетті.


🔹️Бүгін 2023 маусым – мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы және «Даму» БПҰ ұйымдастыруымен ауданымызда мемлекеттік қызметте жұмыс жасап жүрген қызметкерлер «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаеваның Алғыс хатымен марапатталды.


🔹️Марапаттау шарасын «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева ашып, жүргізіп отырды. Сонымен қатар аудандық партия филиалының «Даму» БПҰ төрағасы Эльмира Құттымбетова қатысты.


🔹️Мемлекеттік қызметкер болу – зор құрмет, сондықтан да кәсібилікпен бірге жоғарғы адамгершілік қасиеттерге ие болған абзал. Халыққа қызмет көрсетіп, мұң-мұқтажын тыңдап, мәселелерімен айналысып, шешімін тауып, алғысын алудан артық дүние жоқтығын мемлекеттік қызметші жақсы түсіну керек. Мемлекеттік қызметші оның атауы айтып тұрғандай рухани жаңғыруды мақсат тұтқан, бейбітшілікті бағына балайтын мемлекетке, оның халқына мүлтіксіз қызмет жасау керек. Сіздер сол сенімнен шығып, ел үмітін ақтап жүрсіздер деп сенемін және осы бағыттағы оң имиджді қалыптастыру жолындағы жұмыстарыңызға береке тілеймін – деді Қаншагүл Мұстафаева.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: