ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, партия фракциясының мүшелері Мархабат Жайымбетов пен Мұрат Ергешбаев «AMANAT» партиясының депутаттары мен аудандық қоғамдық кеңестің өкілдерімен кездесті. Кездесуді Жалағаш аудандық мәслихат төрағасы Өмірзақ Елеусінов жүргізіп отырды.
Іс-сапардың мақсаты – халықпен кездесіп ұсыныс пікірлер жинақтау, партияның сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстарына мониторинг жұмыстары және Парламент қабырғасында талқыланып жатқан заң жобалары туралы ақпараттармен бөлісу.
Парламент қабырғасында талқыланып жатқан заң жобалары мен сайлауалды бағдарламаның орындалуы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов атап өтті.
«Фракция 13 заң жобасына бастамашылық етті. 445 заңға түзету енгізілді. 115 депутаттық сауал жолданды. Бұл өткен шақырылымнан 2 есе көп. Сонымен қатар, партиялық бақылау арқылы 54 резонанстық мәселенің шешілуіне ықпал жасалды», – деді Мархабат Жайымбетов.
Өз кезегінде сөз алған «AMANAT» партиясының фракциясының мүшесі Мұраи Ергешбаев «Жер аманаты», «Ауыл аманаты», Қарызсыз қоғам» және «Құқықтық көмек» партиялық жобалары аясында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.
«AMANAT» партиясы атынан сайланған депутаттар және қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу жалғасты
04.07.2023
470
0
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!