Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

17°C

, Бейсенбі, 19 қыркүйек, 21:36

Қызылордада 45 градусқа дейін аптап ыстық болады

12.07.2023

254

0

Ауа райының шамадан тыс ысуына орай төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бас маманы тұрғындарға қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтауға шақырды.

«Қазгидрометтің» хабарлауынша 2023 жылдың 12 шілдесінде күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде 45 градус өте қатты ыстық күтіледі. Сонымен бірге 12-14 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Осыған орай Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау капитаны Жанболат Бақбергенов тұрғындарға қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтау туралы ескертті.

«Тұрмыста және қоғамда өрт қауіпсіздігін сақтаңыз, су айдындары маңында сақтық ережесін ұмытпаңыз, ауа райының шамадан тыс ыстық кезінде немесе ауа температурасының жоғары кезінде көшеде көп жүрмеуге тырысыңыз»,-деді ол.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: