Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Бейсенбі, 26 желтоқсан, 06:09

Адам құқын қорғау – абыройлы міндет

28.07.2023

437

0

Құқық қорғау органдарының қызметі азаматтар мен мемле­кеттік институттардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, мемлекеттің қылмысқа және құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі саясатын іске асыруға бағытталған деп хабарлайды zhalagash-zharshysy.kz , egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Кез келген құқық қорғау орга­ны­ның, оның ішінде прокуратура қызметінің тиімділігі оның қыз­меткерлерінің қызметтік мін­дет­терін сауатты және сапалы орын­дау қабілетіне тікелей байла­ныс­ты. Прокуратура қызмет­­кер­­лерінің күрделі пробле­ма­лық­­ мәселені шешкен немесе қыл­мыс­тық, азаматтық, әкім­ші­лік істер бойынша кәсібилік таныт­қан іскер­лік және моральдық қасиет­те­рін мемлекеттік органдар мен қара­­пайым азаматтар жоғары баға­лай­­ды. Оған күнделікті өмірден нақ­­ты мысалдар жетерлік.

Мысалы, Ұлттық қауіпсіздік коми­те­тінің басшылығы Бас проку­ратураға қылмыстық топты жою жөніндегі арнайы операцияны­ жүр­гізу кезінде кәсібилік пен батыл­дық танытқан прокуратура­ орган­дарының қызметкерін көтер­мелеу туралы ұсыныс біл­дір­ген­ болатын. Сонымен қатар Тал­дықорған қалалық соты өз ұсы­ны­сында Жетісу облысы проку­ра­турасының қызметкері С.А.Дүй­се­­баевтың қылмыстық іс бойынша жо­ғары біліктілік көрсеткенін атап­ өтті. Оның мемлекеттік айып­тауды белсенді және сауатты­ жүргізуі жоғары лауазымды шенеунікке қатыс­ты әділетті сот актісін шыға­ру­ғ­­а септігін тигізді.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қор­ғау – прокуратура орган­да­ры қызметінің басым бағыт­та­ры­ның бірі. Мемлекеттік және бақы­лаушы органдар тарапынан заңнаманы өрескел бұзу жағ­дай­ларына жол берілген кезде заң­ды­ тұлғалар прокурорлардың іске жедел араласуын қажет етеді. Солардың қатарында Бас про­ку­ратураға «Қазвтормет», «Прогресс KZ» ЖШС, «Еврокрук» ЖШҚ басшылары­нан алғысхаттар ке­ліп­ түсті. Олар Астана қаласы проку­ра­турасы­ мен көлік прокура­ту­ра­сының қызмет­кер­ле­рін көтер­ме­леу­ді сұрады.

Прокурорлық қадағалау акті­ле­рі­ бойынша бір кәсіпкерге Астана қаласы әкімдігінен 12 млн теңге жедел қайтарылды. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан көлік проку­ра­турасының қызметкерлері ресей­лік компанияның негізсіз ұстал­ған көлігін қайтарғаны үшін алғыс­қа ие болды. Ал кірме жолдарды су басу проблемасының про­курорлардың араласуы арқа­сын­да шешілуі «Қазвтормет» ЖШС жұмысының тұрақты жол­ға­ қойылуына себепші болды. Бұ­дан бөлек, Бас прокуратура қыз­мет­­керлеріне сотталғандардан да алғысхаттар келіп түсіп жатады.

Жалпы, прокуратура­ орган­да­рының қызметі сан қыр­лы­­ және қарапайым тұр­мыс­тық мә­се­ле­лерден бас­тап,­ көптеген адам­дар­дың құқық­та­рын қоз­ғай­тын­ жаппай заң бұзу­­шы­лық­тар­ды­­ жоюға дейінгі ауқым­ды іс-қимыл­дар­ды қамтиды. Оның бәрі азамат­тар мен заңды тұлға­лар­дың өмірлеріне тікелей қа­тыс­ты. Мәселен, «Жайнақ» шағын ауда­нының тұрғындары 4 айға созыл­ған­ электрмен жабдықтау проблемаларын шешкен Алматы облысы Іле ауданының прокурорларына алғыс білдірген болатын. Сондай-ақ Алматы қаласы Жібек жолы және Мәуленов көшелеріндегі
4 көп­­пәтерлі үйдің тұрғындары да ком­муналдық жабдықтау пробле­ма­сын шешкен прокурорларға риза­шылық жеткізді.

Прокуратура қызметкер­ле­рі­­нің жұмыстан тыс уақытта жаса­ған­ істері де азаматтардың назарынан тыс қалған жоқ. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің қызметкері Ж.Мұрат «LIDER.KZ» еріктілерімен бірге Астана қаласында жоғалып кет­кен баланы тауып, ата-анасы­на­ тапсырған болатын. Сол секілді Қостанай облысының Руд­ный қаласында прокуратура қыз­мет­кері Н.Қалман көршісінің жоғал­ған­ баласын тауып берді.

Жалпы алғанда, биыл прокуратура органдарына мемлекеттік мекемелерден, азаматтардан және заңды тұлғалардан 128 алғыс хат келіп түсті. Осыған орай, ерекше жетістіктерге қол жеткізген қызметкерлерді Бас прокурор мен облыстық прокуратура басшылары ведомстволық наградалармен және басқа да көтермелеу шараларымен марапаттады.

Айсұлу МАХСЕМЕТОВА,

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 3-курс студенті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: