Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 21:04

«Ауыл аманаты»: 3 млрд теңге бөлінді

03.08.2023

447

0

ҚР Премьер-министрі Ә.Смайыловтың төрағалығымен Президенттің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штаб отырысы өтті. Министрлер мен өңір әкімдері студенттік жатақханалардағы орын тапшылығы мәселесін шешу, «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру барысын баяндады.

Республикалық штаб отырысынан кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Үкімет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөнінде мәжіліс өткізіп, жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырма берді.

– Бүгінгі республикалық штаб отырысында Үкімет басшысы студенттік жатақханалардағы орын тапшылығы мәселесін шешу үшін тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. 2022-2023 оқу жылында облыстағы жоғары оқу орындарында, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 36 238 студент білім алды. Оның ішінде 5 793 студент жатақханамен қамтылған. Аймақтың 30 колледжіндегі 20 672 студенттің 3646-сына жатақхана берілген. Облыс орталығы мен аудандардағы колледждер жатақханаларында орын тапшылығы мәселесі болмауы тиіс. Жергілікті кәсіпкерлермен бірлесіп, колледждердегі жатақхана қажеттілігі мәселесін жедел шешу үшін шара қабылдаңыздар, – деді аймақ басшысы.

Жаңа оқу жылында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне шетелдік студенттердің қабылдануы, студенттер санының өсуіне орай жатақханаларда орын тапшылығы болуы ықтимал. Осыны ескеріп, жаңа оқу жылы басталғанға дейін мәселені жедел шешу тапсырылды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізіп, жаңа жатақханалар салу мәселесін қарау қажет. Облыстық білім басқармасына Арал индустриалды-техникалық колледжінің 75 орындық жатақханасын жаңа оқу жылына дейін пайдалануға беру тапсырылды. Мұнан бөлек Қазалы аграрлы-техникалық және Қызылорда көпсалалы жоғары колледждеріне қажетті жатақхана құрылыстарын кәсіпкерлермен бірлесіп жүргізуді қолға алу жүктелді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе «Ауыл аманаты» жобасы бойынша сенім білдірген өкіл «Байқоңыр» ӘКК-ге осы жылға қаралған 3 млрд теңге қаржы аударылды. Құжаттар қабылдау биыл 20 шілдеде басталды. Облыс әкімі бағдарламаны тиімді және мақсатты пайдаланып, ауыл халқының табысын арттыруда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуді тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: