Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Бейсенбі, 21 қараша, 19:48

Мәдениет – халықтың айнасы

03.08.2023

1240

0

Ауданда мәдениет саласы тың серпінмен дамып келеді. Бұған аудан өнерпаздарының шығармашылығын ұдайы дамытуға басымдық беруі басты себеп болса керек. Аудандағы мәдениет ұйымдары І жартыжылдықта ұлттық мәдениетті ілгерілетуге және дәстүрлерді жаңғыртуға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған түрлі форматтағы 363 іс-шара, оның ішінде театр қойылымдары, шығармашылық конкурстар, фестивальдер, конференциялар, акциялар өткізді. Оған 62 401 көрермен тартылған. Оның ішінде 12-сі онлайн режимде өткізіліп, 2 370 қаралым болған. Есепті кезеңде өткізілген іс-шарлардың 2-еуі облыстық шаралар болса, мұнан бөлек ақындар айтысы мен оқырмандар конференциясы да ұйымдастырылған.

Биылғы жылдың басты ерекшелігі мемлекет және қоғам қайраткері Т.Жүргеновтің 125 жылдық мерейтойын 22 қыркүйекте атап өту жоспарлануда. Бұл бағытта «Түркі әлемінің Темірбегі» атты облыстық ақындар айтысы өткізілсе, Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасымен бірлесіп, онлайн Zoom платформасы арқылы «Түркі әлемінің тарланы» атты тарихи конференция ұйымдастырылды. Қазақ руханиятының дамуына зор үлес қосқан тұлғаның есімін халық жадында сақтап, өнегелі ісін жастарға үлгі ету мақсатында жыл басынан бері 45 мәдени-көпшілік шара ұйымдастырылып, 1 206 көрермен қамтылған.

«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы аясында «Dombyra» ұлттық телеарнасының тарихи-танымдық мәдени бағдарламасында Жалағаш ауданының тарихы мен мәдениеті туралы екі бөлімнен тұратын арнайы шығарылым көрермен назарына ұсынылған. Сонымен қатар «Abai TV» мәдени-ағарту телеарнасының ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Тарих. Тағдыр. Тағылым» бағдарламасының арнайы шығарылымына Бұқарбай батыр Естекбайұлының жары Шынар туралы деректі фильм түсірілімі ұйымдастырылған. Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйі жа­нын­дағы Халық театры Ерсайын Төлеу­байдың «Жеңгетай» комедиясын Нартай Бекежанов атындағы академиялық қазақ музыкалық театрында сахналады.

Ауданда жас таланттарды табу, балалар мен жасөспірімдерге шығармашылық және көркем-эстетикалық білім беруді қол­дау бағытында мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындарында 95 үйірме жұмыс жа­сайды. Үйірмелерге қатысушылар саны 1073-ке жетіп отыр. Мәдениет үйлері мен клубтарының көркемөнерпаздары І жар­ты­жылдықта облыстық байқаудан 34, рес­пуб­ликалық байқаудан 9, халықаралық байқаудан 8 жүлделі орын иеленді.

Кітапханалардағы қызмет көрсету жұ­мыс­тарының жай-күйі және жаңа ақпарат­тық технологияларды енгізу барысы өз дә­режесінде жүргізілуде. Аудандық орталық­тандырылған кітапханалар жүйесінің жалпы кітап қоры 373930 дананы құрайды. Жалпы оқырмандар саны 9511-ге жетті. Аудан кітап­ханаларында кітап басылымдарын цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жалғасуда. Аудандық кітапхана қорындағы 907 дана жергілікті ақын-жазушылардың кітаптары мен 2256 дана жергілікті мерзімді басылымның электрондық көшірмелерін санды форматқа көшіріп, бүгінгі күнге дейін 740 оқырманның пайдалануына мүмкіндік берілген.

Мәдениет саласы қызметінің негізгі бө­лігі тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау бо­лып табылады. Ауданда есепке алынған 71 тарихы және мәдени ескерткіштің 1-еуі республикалық, 30-ы жергілікті маңызы бар, 40-ы алдын ала есепке алу тізіміне енгізілген. Аудан бойынша 17 ескерткішке QR-код тақтайшалары орнатылды. Тарихи және мәдени ескерткіштердің табиғи ландшафты аймақтарының бұзылуына, заңсыз қазба жұмыстары және өзге де заң бұзушылық әрекеттерге жол бермеу мақсатында ба­қылау шараларын күшейту, қолданыстағы заң талаптарының өз деңгейінде орындалуы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әдіс­темелік көмектер көрсетілді. Сонымен қатар алдын ала есепке алу тізіміне енгізілген ескеркіштерге сараптама жұмыстарын жүр­гізу мақсатында аудандық экономика және қаржы бөліміне 2 млн теңгеге бюджеттік өтінім берілген.
Кент орталығында орналасқан мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің бюстін Т.Жүргенов ауылындағы жаңадан ашылатын аллеяға ауыстыруға тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау жөніндегі об­лыстық комиссияның оң қорытындысы алынды. Ескерткіштерді күтіп ұстау мақ­сатында «Ескерткіштер – ел тарихы» акциясы ұйымдастырылған.

Аудандағы мәдениет және спорт бө­лімі қызметінің маңызды бағыттарының бірі – мемлекеттік тіл саясаты. Тілдік ахуалды бейнелейтін басты көрсеткіш – құжат айналымы. Осы ретте мемлекеттік органдардағы тілдік ахуалға жүргізілген мониторинг нәтижесінде мемлеткеттік тілдегі шығыс құжатының үлесі 100 пайызды құрап отыр. Көрнекі ақпараттың пайдалануын бақылаудың өңірлерді қамту дәрежесі басты назарда. Тоқсан сайын мәдениет және спорт бөлімі мен облыстық тілдерді оқыту орталығының мемлекеттік тіл мамандарының қатысуымен көрнекі ақпараттарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді. Жыл басынан 12 кәсіпкерлік субъектісіне ҚР «Тіл туралы» Заңының 21-баптың талаптары түсіндіріліп, әдістемелік көмек көрсетілді. Атап айтқанда, 4 мейрамхана мен фастфудтардың ас мәзір­леріне аударма үлгілері әзірленіп, қолданысқа берілсе, 1 сауда нүктесі мен 1 кәуапхананың тек қана орыс тілінде ілінген жарнама мәтіні алынды.

Аудандағы шағын және орта бизнес өкіл­деріне көрнекі ақпараттар мен жар­нама­лардың сауаттылығын қадағалау және реттеу мақсатында whatsapp, телеграмм әлеуметтік желілері арқылы әдістемелік көмек көрсету ұсынылған. Деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндерін орфография нормаларына сәй­кес жазу, қазақ тіліндегі мәтіндердің сапалы жазылуына, қателіктердің алдын алу мақ­сатында мәдениет және спорт бөлімі мен жарнама агенттіктері арасында бірлескен жұмыстар жүргізілуде.

2023 жылы ономастика мәселесі бойынша 9 өтініш түскен, оның 4-еуі объектіге атау беру, 1-еуі ауыл атауын кісі есімімен өзгерту, 4-еуі көшеге атау беру туралы өтініштер. Объектіге атау беру туралы 1, ауыл атауын өзгерту туралы 1, көшеге атау беру туралы 1 өтініш кері қайтарылды. Тарихи тұлғаларға енгізу бағытында облыстық ономастикалық комиссияның қарауына ұсынылған 3 өтініштің 1-еуі қолдау тауып, 2-еуі кері қайтарылды.

Идеологиялық тұрғыдан ескірген атау­лары бар елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған облыстың жол картасына сәйкес, 3 көше қайта аталды. Жол картасына сәйкес идеологиялық тұрғыдан ескірген 1 елді мекен,1 көшені қайта атау бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Биыл жалпы саланы қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 1 318 780,6 мың теңге қаржы бөлінді. Бөлімге қарасты мәдениет мекемелеріне бөлінген қаржы 613 592 мың теңгені құрайды, ауылдық мәдениет ме­ке­ме­леріне бөлінген қаржы 448 621,6 мың теңге болса, спорт саласына бөлінген қаржы 256 567 мың теңгені құрайды. Оның ішін­де мә­дениет саласының материалдық-техни­калық базасын нығайтуға – 24365,5 мың теңге бөлініп, Жаңаталап, Далдабай, Жаңадария ауыл­дық клубтарына, Еңбек ауылдық мә­дениет үйіне, Руханият орталығына дыбыс күшейткіш аппаратура, ұйымдастыру техника­лары алынды.

Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы ар­қылы кітапхана ғимаратын газға ауыстыру жолымен қазандықты қайта жаң­ғырту жұмыстары жүр­гізілуде. Қ.Қазан­таев атындағы мәдениет үйі ғимаратының сыртқы бетіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Таң ауылдық мәдениет үйі ғимаратының сыртына жай жөн­деу жұ­мыстары жүргізілуде.

Ерлан Ануарұлы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: