Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Жұма, 22 қараша, 01:20

Бейжіңдегі су тасқынынан 11 адам қаза тапты

01.08.2023

936

0

Қытай астанасы Бейжіңде «Доксури» супер тайфуны салдарынан 29 шілдеден бері толассыз жаңбыр жауып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

1 тамыздағы жағдай бойынша Бейжіңде нөсер жаңбыр салдарынан болған су тасқынынан кемінде 11 адам қаза тауып, 27 адам із-түзсіз жоғалған.

Құрбан болғандардың көпшілігі – қатты жаңбырдан ең көп зардап шеккен қала маңындағы Ментугу ауданының тұрғындары.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Бейжіңде 44 мыңнан астам адам су тасқынынан зардап шекті, ал 127 мың адам қауіпсіз аймақтарға көшірілген.

Қазір құзырлы органдар су тасқынынан келген шығынды есептеп жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: