23 тамыз күні Құрылтай сайлауы өткізіледі. Маңызды саяси науқанда Қызылорда өңіріндегі 500 591 сайлаушы дауыс беру құқығына ие.
Аймақта 386 учаске құрылған. Мұнда 2720 комиссия мүшесі сайлаушылар үшін қызмет жасауда.
Азаматтар өз учаскесін үйден шықпай ақ «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» атты платформа көмегімен анықтауда. saylau.orda.gov.kz платформасының көмегімен 70 мыңға жуық азамат өз учаскесін тапқан. Бұл платформа «Смарт Қызылорда» мобильді қосымшада және телеграм (sailau_kzoBot) желісінде қолжетімді.
Тұрғындарға өңірдегі 193 учаскеде онлайн сервистер ашылған. Бұл учаскелер сайлаушылардың ЖСН арқылы қайда тіркелгендігін анықтап бере алады.
Дауыс беру күні тізімде жоқ азаматтарды уақытша тіркеумен айналысатын 5 арнайы жұмыс істейді. Мұнда халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары тұрғындарды уақытша тіркеп, дауыс беруіне мүмкіндік жасайды. Әрі қарай комиссия мүшелері уақытша тіркелген азаматтарды тізімге енгізіп, бюллетень береді.
Айта кетейік, 23 тамыз күні дауыс беру таңғы 07.00-ден 20.00-ге дейін жүргізіледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!