Қызылорда облысында демалыс күндері «Заң мен тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы рейдтік-профилактикалық жұмыстар күшейтілген режимде жалғасты.
Полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда, көшелерде және басқа да аумақтарда профилактикалық іс-шаралар жүргізіп, құқық бұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған жұмыстар атқарды.
Үш күннің қорытындысы бойынша 392 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Оның ішінде қоғамдық орындардағы ұсақ бұзақылыққа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша – 11, ал алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келуге қатысты 440-бап бойынша – 66 құқық бұзушылық анықталды.
Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы рейдтік жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!