Құрылтай

Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

19°C

, Дүйсенбі, 17 тамыз, 05:32

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Grand Prix of Germany турнирінде топ жарды

16.08.2026

3

0

Германияның Дортмунд қаласында грек-рим күресінен өткен Grand Prix of Germany халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жарыс қорытындысы бойынша қазақ балуандары 6 алтын, 4 күміс және 5 қола, барлағы 15 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

Алтын медаль иегерлері:

Арсен Жұма, Айбек Айтбеков, Айдос Сұлтанғали, Бағдат Сабаз, Юсуф Ашрапов, Мерей Мәулітханов.

Күміс медаль иегерлері:

63 кг – Дәулет Әшірханов

72 кг – Алматбек Аманбек

82 кг – Ибрагим Магомадов

130 кг – Джохар Узаров

Қола медаль иегерлері:

60 кг – Аманғали Бекболатов

63 кг – Ғалым Қабдунасаров

72 кг – Мәди Данелов

82 кг – Омар Сатаев

87 кг – Диас Кален

Осылайша, Қазақстан құрамасы 6 алтын, 4 күміс және 5 қола медальмен жалпыкомандалық есепте жеңіске жетті. Бұл нәтиже ұлттық құраманың әлеуеті жоғары екенін көрсетті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: