Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

18°C

, Дүйсенбі, 20 мамыр, 09:16

Қытайдың жалынды тауларына мыңдаған турист келді

22.07.2023

236

0

ҚазАқпарат – Осы аптада Қытайдың «Жалынды тауларына» мыңдаған турист ғажайып құбылысты тамашалауға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-travel-ге сілтеме жасап.

Қытайдың Шыңжан аймаңындағы Турфан жазығының солтүстігіне әр жаз сайын туристер жиналады. Олар қоңыр-қызыл түсті құмнан құралған толқын тәрізді беткейге тамсанып, жерден шығатын аса қатты ыстықты сезіну үшін келеді.

Кең жиекті қалпақ киіп, ыстықтан қорғану үшін қосымша қолшатыр ұстаған туристер 12 метрлік термометр көмегімен селфи жасады. Термометр сол сәтте жер бетіндегі температура 80 Цельсий градус екенін көрсетіп тұрды.

Осы аптада Шыңжандағы температура бүкіл рекордтан асып түсті. Турфан жазығының шалғайдағы ауылында максимал температура – 52,2°C тіркеліп, Қытайдың ұлттық рекорды – 2015 жылы тіркелген 50,3°C-ты жаңартты.

Сол күні Турфан алқап-қаласында «Жалынды таулардан» батысқа қарай 45°C-тан жоғары температура тіркелді, ал оның бесеуінің ішіндегі ең жоғарғысы 50°C-тан асты, деп хабарлады мемлекеттік БАҚ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: