Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 10:34

Президент Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарын аралады

04.04.2024

391

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында қарғын су басқан аумақтарды тікұшақпен аралап көрді, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәлірек айтқанда, Президент Теректі, Сырым және Қаратөбе аудандарында қалыптасқан жағдайды бақылады.

мп

Облыс әкімі  Нариман Төреғалиев Президентке 6 аудан мен Орал қаласын су басқанын баяндады.

ш

Қарғын су 552 тұрғын үйге, 427 саяжай теліміне зиян келтірген. Өңір басшысының айтуынша, су тасқынына қарсы шараларға 1911 адам, 332 техника, 101 мотопомпа, 1 тікұшақ жұмылдырылған. Сонымен қатар құтқару жұмыстарына Алматы және Маңғыстау облыстарының құтқарушылары атсалысып жатыр. Қарғын су басқан аумақтардан 7 мыңға жуық тұрғын көшірілген, жедел-эвакуациялау пункттері құрылған. Зардап шеккендерге біржолғы материалдық көмек көрсету үшін жергілікті бюджет есебінен 63 миллион теңге қаржы бөлінді.

ш

Қазіргі уақытта су айдау, нысандардың жан-жағын топырақпен қоршау және су жүретін құбырларды кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ш
щ
ш
ш
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: