Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

12°C

, Жексенбі, 08 қыркүйек, 05:14

16,4 млн тонна астық бастырылған

11.11.2023

379

0

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров егін жинау науқанының аяқталу барысы туралы мәлімдеді. Биыл диқандар үшін оңай жыл болған жоқ. Ұзақ уақытқа созылған аптап ыстықтан кейін еліміздің негізгі астықты аймақтарында 25 күннен астам толассыз жаңбыр жауды. Нәтижесінде жауын-шашын мөлшері орташа жылдық көрсеткіштен үш есеге артық болды. Дегенмен еліміздің барлық өңірлерінде егін орағы науқаны аяқталды десе де болады.

Сонымен қатар бүгінгі таңда Үкімет осы салдарларды барынша азайту бойынша барлық қажетті шараларды қа­­­былдады. Барлық туындаған мә­се­­ле­ні жедел шешу мақсатында минис­трлік жанынан жедел штаб құ­рылды, оған жергілікті атқарушы орган­дардың, мүдделі мемлекеттік орган­дар­дың, ұйым­дардың өкілдері кірді. Бұ­дан бас­қа республикалық және өңір­лік дең­гей­лерде барлық мүдделі тарап­тардың өкіл­дерімен жұмыс топтары құрылды.
– Биыл жалпы ауыл шаруашылығы дақылдары жиналатын алаң 24 млн гектарды құрады. Оның ішінде астық жи­налатын алаң 17,1 млн гектарды құрайды. Биылғы егін жинау науқанына шамамен 150 мың трактор, 39 мың астық жинайтын комбайн, 14 мың орақ және 140 мың басқа техника қатысты. Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірінде астық жинау аяқталуда. Облыстар әкім­діктерінің деректері бойынша орташа өнімділігі 9,7 центнер бастапқы салмақта 16,4 млн тонна астық бастырылды, оның 11,4 млн тоннасы – бидай, – деді сала министрі А.Сапаров.
Министрдің айтуынша, дәнді дақыл­дарды алып қарағанда бидай егілген алқап 13,4 млн гектарды құрайды, өнім­ділігі гектарына – 8,6 центнер, яғни 11,4 млн тонна астық бастырылған. Майлы да­қылдар – 1,9 млн немесе 68 пайыз. Орташа өнімділігі 8,4 центнер болғанда, 1,6 млн тонна майлы дақылдар жиналды. Оның ішінде күнбағыстың орташа өнімділігі 11,6 центнер болып, 747 мың тонна бастырылды.
Сонымен қатар 158 мың га аумаққа егілген картоп толығымен жиналды, жалпы өнімділігі 206 центнер болып, 3,5 млн тоннаны құрады. Көкөніс дақылдары 162 мың га алаңнан жиналып, жалпы түсім 263 центнер өнімділікте 4,3 млн тоннаны құрады.
– Ауа райының қолайсыздығына қа­ра­мастан жалпы жиналатын астық 16 млн тоннаны құрайды. 3 млн тонна көлеміндегі ауыспалы астық қал­дық­тарын ескерсек, елді нан, ұн және ма­карон өнімдерімен толық қамтамасыз ету үшін жеткілікті. Лицензияланған ас­тық қабылдау кәсіпорындарына бар­лығы 4,7 млн тонна астық құйылды, оның ішінде 1,8 млн тонна – 3-сыныпты астық, – деді А.Сапаров.
Келтірілген ақпаратқа сүйенсек, егін жинау жұмыстарын уақытылы жүр­гізу үшін ауыл шаруашылығы құры­лым­дарына литріне 250 теңгемен 426 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінген. Сонымен қатар ағымдағы жағдайды ескере отырып, дәнді және майлы дақылдарды кептіруге литріне 250 теңгеден аспайтын қо­сымша 62,5 мың тонна жеңілдетілген ди­зель отынын бөлу туралы шешім қабылданды.
Қазіргі уақытта облыстар опе­ра­­торлары астық қабылдау кәсіп­орын­дарына және кептіру жабдығы бар ауыл шаруашылығы тауарын өндіру­шілерге дизель отынын жеткізу және өткізу шараларын жүргізуде.
Қолайсыз ауа райынан зардап шек­кен басқа қарыз алушылар тара­пы­нан шарттар, ұсынылатын құжаттар тіз­бесі және міндеттемелерді қайта құры­лымдау мәселелері бойынша өтініштер әлі де түсіп жатыр. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «Қаз­Агро­Қаржы» АҚ филиалдарының қыз­мет­­керлері осы мәселелер бойынша қажетті кеңес беру қызметін көрсетеді, міндеттемелерді жеке тәртіппен ұзартуға өтінімдер қабылдайды және қарайды.
Сонымен қатар биылғы жылдың негізгі міндеттерінің бірі – елді тұқымдық материалмен қамтамасыз ету. Бұл тұ­қымдар Азық-түлік корпорациясының қолда бар ресурстары есебінен қа­лып­тастырылатын болады, бүгінде 400 мың тоннаға жуық жұмсақ бидай тұқымдық материал ретінде пайда­лануға жарамды.
Қазіргі таңда облыстар әкімдіктерінің ақпараты бойынша жоспар бойынша 2 млн тонна болса, 1 505 мың тонна немесе 72 пайыз астық тұқымы себілген.
– Айта кету керек, биыл тұқымдық егістіктер құрғақ ауа райы болған кезде жиналды және бүгінде сараптама деректері бойынша дайындалған тұқым­дардың 90 пайызы себу стандартының 1 және 2 сыныптарына сәйкес келеді. Со­ны­мен қатар жоғарыда аталған барлық мәселелер министрліктің тұрақты бақы­лауында, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау үшін барлық қа­жетті шаралар қабылданып отыр, – деді Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.

Ерлан СОЗАҚБАЕВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: