Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен келген партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов аудандық партия филиалының «Дарын» бастауыш партия ұйымында болды.
«Дарын» бастауыш партия ұйымы білім саласының жұмысшы-қызметкерлерінен 720 партия мүшесінен құрылған іргелі ұйым. Бастауыш партия ұйымының арнайы кабинеті, қоғамдық қабылдау бөлмесі бар. Аудандық партия филиалының “Дарын” бастауыш партия ұйымының төрағасы Садықов Талғат Құрақбайұлы бастауыш партия ұйымының кабинетімен таныстырып, партиялық жобалар аясында жасалып жатырған жұмыстар жайында айтып өтіп, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Аймақтық партия филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов «Дарын» бастауыш партия ұйымында «Баланы мектепке даярлайық!» жалпы республикалық қайырымдылық акциясында балаларға ыстық ықыласын білдіріп, жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, 10 оқушыға жаңа оқу жылына қажетті құрал-жабдықтар салынған сөмкелер табыстады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!