Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

12°C

, Жексенбі, 08 қыркүйек, 05:07

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының төрағасы қабылдау өткізді

18.07.2024

476

0

Жалағаш аудандық партия филиалының төрағасы, аудандық мәслихат төрағасы Елеусінов Өмірзақ Тұрымбетұлы бекітілген кестеге сәйкес партия филиалында азаматтарды жеке қабылдау жүргізді. Жеке қабылдауға тіркеліп, өтініштерін білдірген 5 азаматтың барлығы да тұрақты жұмысқа орналастыруға көмек сұрап келді.

Жеке қабылдауға қатысқан сала басшыларынан азаматтарды тұрақты жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері сұралды. Аудандық білім бөлімінің басшысы Т.Садықов, аудандық «Мансап орталығы» филиалының директоры Ғ.Телібаев жас мамандарға мамандықтарына сәйкес ұсыныстар беріп, түсіндірмелер берді. Олардың 2-еуіне бос жұмыс орындары ұсынылды, 1-еуі ұсынылған жұмыстан бас тартты. 1-еуіне қазіргі таңда жер үйлестіруші мамандығы бойынша бос жұмыс орны жоқ екендігі, мемлекеттік қызметке орналасу үшін тесттен өтуге байланысты ҚР заңнамасына сәйкес түсініктемелер берді.

Партия филиалына үміт арта келген тұрғындардың өтініштері партия филиалы төрағасының бақылауына алынып, тиісті шаралар қабылданатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: