Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

29°C

, Жұма, 28 маусым, 14:56

Арал теңізінде су көлемі ұлғайды

24.06.2024

241

0

Жыл басынан бері Солтүстік Арал теңізіне 1,1 млрд текше метр су келіп, ондағы су көлемі 21,4 млрд текше метрге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше құрамына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан кіретін Мемлекетаралық су шаруашылығы комиссиясының 86-шы отырысында тараптар суару маусымында Солтүстік Аралға ағын секундына кемінде 30 текше метр болады және 997 млн текше метр су жіберіледі деп келісті. Қазіргі уақытта теңізге секундына 50 текше метр су келеді. Бір жыл бұрын ағын секундына 6 текше метр болған.

Осыған дейін Солтүстік Аралды оңтүстіктен бөліп тұрған Көкарал бөгетінің құрылысы аяқталып, су деңгейін көтеруге мүмкіндік берді.

«Бөгет пайдалануға берілгеннен бүгінге дейін Сырдария өзенінен Солтүстік Арал теңізіне 46,6 млрд текше метр су келді. Ал соңғы 7 жылда теңізге 13,3 млрд текше метр су түсті. Соңғы жылдары Солтүстік Аралдың су көлемі азайды, алайда 2024 жылдың басынан бастап деңгейі қайта көтеріле бастады және бүгінде 21,4 млрд текше метрге жетті», деді ведомствоның ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

Айта кетсек, Сырдария өзені ағынының 75%-ы Қырғызстанда, 20%-ы Өзбекстанда, 5%-ы Қазақстанда қалыптасады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: