Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Сенбі, 27 шiлде, 07:21

«АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

08.02.2024

440

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Денсаулық» БПҰ ұйымдастыруымен денсаулық саласына қатысты «Ашық есік» күні өткізілді. Аталмыш шара аясында емханаға келген аудан тұрғындары денсаулық саласына қатысты мәселелерін жеткізіп, дәрігерлік кеңестерді алды.
«AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен өткен шараның өзіндік ерекшелігі бар.

Денсаулық саласына қатысты білікті мамандардың барлығы бір жерде отырып, әрбір тұрғынды қабылдап ақыл-кеңестерін беріп, әрбір тұрғынның мәселесі бойынша бақылауға алып жатыр. Осындай игі шаралар көбейе берсін – деді ардагер А.Игисинова.

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Денсаулық» БПҰ төрағасы Гүлсім Каюпова әрбір тұрғынның сайлауығы үшін қажетті шаралардың барлығын қолданамыз. Біз үшін ең маңыздысы халық денсаулығы – деді.

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: