Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

8°C

, Бейсенбі, 28 қараша, 16:48

Аудан әкімі партия филиалында жеке қабылдау өткізді

15.02.2024

372

0

Аудандық партия филиалы арыз-шағымдарды қарауда құқықтық теңсіздік пен ел ынтымағына, халық бірлігіне селкеу түсіретін жайттардан аулақ болып, әділдікті ту етіп, тағдыр тауқыметін тартқан азаматтардың өміріне араласып, заң аясында кеңестер беріп, партия беделін асқақтата түсуде.

Партияның маңызды жұмысының бірі қоғамдық қабылдау. «AMANAT»» партиясының Қоғамдық қабылдау бөлмесі – жұртшылықпен арадағы үздіксіз байланысты қамтамасыз ететін бірден-бір көпір болып табылады. Осы ретте, бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы Қоғамдық қабылдау бөлмесінің бекітілген кестесіне сәйкес Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов жеке қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген аудан тұрғындары жұмыссыздық, кәсіпкерлік, газдандыру мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді. Ардақ Әбдіғаппарұлы тұрғындардың өтінішін шешу мақсатында тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар беріп, мәселе өз бақылауында болатынын жеткізді. Заң аясында кеңесті қажет ететін тұрғындарға тиісті құқықтық кеңестер беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аудан әкімі әрбір тұрғынның өтініші оң шешілуі маңызды екендігін жеткізіп, сала басшыларына тұрғындардың мәселесі назардан тыс қалдырмай, тиісті жұмыстарды атқаруды тапсырды..

Тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына egov.порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: