Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

4°C

, Сейсенбі, 02 желтоқсан, 12:07

Ауданда 503 жаңа жұмыс орны ашылды

02.12.2025

3

0

Қазір елімізде жұмыссыздық мәселесін шешпей, халықтың тұрмыс сапасын арттыру мүмкін емес. Сондықтан бірінші кезекте осы жұмыссыздық мәселесімен күресуге, қарапайым халықтың екі қолға бір күрек табуына жол ашуымыз керек. Мемлекеттің де басты саясатының бірі осы, тіпті әлеуметтің әлеуетін көтеруге негізделген арнайы мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар да бар. Ал олардың жалағаштықтар жемісін көріп отыр ма? Осы және әлеуметтік салаға қатысты басқа да бірқатар сауалымызға жауап алу үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қанат Бөлембаевпен сұхбаттастық…

– Қанат Шамшатұлы, жалпы ау­дан­­да жұмыссыздық мәселесімен кү­рес­те қандай жобалар жүзеге асуда. Ұлт­­тық жоба бойынша биыл қанша адам жұмыспен қамтылды?
– Жалағаш ауданы бойынша биыл Ұлт­тық жоба аясында 16 жобаға жоспар 175 адам болып бекітілді. Бүгінге дейін 184 адам жұмыспен қамтылды, яғни қа­зіргі таңда меже 105,1 пайызға орын­дал­­­ды. Оның ішінде 183 адамның еңбек шар­ты тіркеуден өткізіліп, 180 адам­ның мін­­­детті зейнетақы жарнасы ауда­рыл­ды.
Жүз жаңа жұмыс орны бойынша атқа­рылған шараларға келсек, 2025 жыл­ға ар­налған өңірлік жұмыспен қамту кар­та­сына сәйкес 10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын құру мақсатында ау­дан бойынша 447 жаңа жұмыс орнын ашу жос­парланды. Қарашаның 15-іне дейін 503 жаңа жұмыс орны ашылды.
– Әлеуметтік көмек және жәрде­ма­қы­лармен қамту шаралары өз дең­гейін­де жүзеге асып жатыр ма?
– Мемлекеттік атаулы әлеуметтік кө­мек тағайындау жөніндегі 15 учаскелік ко­миссия бар. Оның ішінде 1 учаскелік ко­­миссия Жалағаш кентінде болса, қал­ға­ны ауылдық округтер үлесінде.
2025 жылға мемлекеттік атаулы әлеу­мет­тік көмекке және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының бір жастан ал­ты жасты қоса алғанға дейінгі балаларға 158 млн 229 мың теңге қаралды. Қараша айына дейін атаулы әлеуметтік көмек бо­йынша 85 отбасына 29476,1 мың теңге тө­ленді. Былтыр тиісті мерзімде атау­лы әлеуметтік көмекке 127 отбасына 32982,5 мың теңге төленді.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік кө­мек­ке өтініш білдірген 88 отбасында 571 адам бар. Оның ішінде 18 жасқа дейінгі ба­лалар саны – 381. Біреуі мүмкіндігі шек­­теулі жан болса, мұнан бөлек 28 сту­­дент, 2 зейнеткер бар. Оның ішінде 159-ы ең­бекке қабілетті, 18-і жұмыссыз. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің белсенді шараларға тарту үлесінің жос­пары 77,1 пайызға белгіленіп, қарашаға дейін бұл меже 78,5 пайызға орындалды.
– Олардың ішінде басқа да бел­сен­ді шараларға қатысқандары бар ма?
– Иә, 20 адам белсенді шараға қа­тысты, қоғамдық жұмысқа 10, тұрақты жұ­­­мысқа 4 адам орналасып, кәсіпкерлік бас­тамаға 6 адам тартылды. Тұрғын үй көмегін көрсетуге аудан бюджетінен 376 мың теңге қаралған. Бүгінге дейін 7 от­ба­сының 10 мүшесіне 375,6 мың теңге төленді. Мамандандырылған тубер­ку­­­лез­ге қарсы медициналық ұйымнан шы­­­ға­рылған, туберкулезден емделудің сү­йе­­мел­деу сатысындағы азаматтарға 2025 жылға қаралған қаржы 12510,4 мың тең­гені құрайды. Қосымша тамақта­нуға 44 адамға 9208,3 мың теңге та­ға­йын­да­лып, 43 адамға 8382,6 мың теңге тө­ленді.
«Отан», «Даңқ» ордендерімен на­град­­­талған, республикалық құрметті атақ­­­қа ие болған 2 азаматқа 149,4 мың теңге әлеуметтік көмек төленген. Өрттің сал­дарынан зардап шеккен 3 отбасына 1926,7 мың теңге тағайындалып, 2 отба­сына 1926,7 мың теңге төленді. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде 6 ай жұмыс істеген 71 аза­матқа облыстық бюд­жеттен 13 млн 880 мың теңге төлен­ді. Чернобыль апа­тының зардабын жою­ға қатысқан 4 азаматқа 786,4 мың теңге төленді. Ке­ңес армиясының мүгедек 2 аза­ма­тына 393,2 мың теңге төленді. ­Екін­ші рет некеге тұрмаған, қайтыс болған со­ғыс мүгедектерінің және соларға те­ңес­­­тірілген мүгедектердің әйелдеріне, яғни 2 азаматшаға 393,2 мың теңге тө­­ленді. Ауған соғысына қатысқан 20 аза­­матқа аудандық бюджеттен 3 млн 932 мың теңге төленді. Семей ядролық сы­нақ­тардың салдарынан зардап шек­кен 16 азаматқа 3145,6 мың теңге тө­ленді. Тә­жік-Ауғанстан учаскесінде Тәуел­­сіз Мемлекеттер Достастығының ше­ка­­­­расын қорғауды күшейту жөнін­дегі мем­лекетаралық шарттар мен келі­сім­дерге сәйкес міндеттерін орын­да­­ған 15 азаматқа 2 млн 949 мың теңге тө­­ленді. Таулы Қарабақтағы ­этнос­ара­лық қақ­тығысты реттеуге қатысқан ­әс­кери қыз­мет­шілерге, сондай-ақ бұ­рын­ғы КСРО ішкі істер және мем­ле­кеттік қауіпсіздік ор­гандарының бас­­шы және қатардағы құрамының 18 аза­­­матына 3538,8 мың теңге төленді. Сәу­­­ле ауруының сал­да­рынан қайтыс бол­­­ғандардың не­месе қайтыс болған мүгедектігі бар адам­дардың, сондай-ақ қайтыс болуы бел­гі­ленген тәртіппен Чер­нобыль атом электр станциясындағы апаттың және аза­маттық немесе әскери мақсаттағы объек­тілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядро­лық сынақтардың әсеріне бай­ланысты болған азаматтардың отба­сы­ларына, яғни 1 азаматқа 39,3 мың теңге тө­ленді.
Облыс әкімінің гранты бойынша 9 студентке 4916,5 мың теңге оқу ақысына, 2 млн 548 мың теңге тамақтануы мен тұруына, барлығы 7464,4 мың теңге тө­ленді. Ауылдық елді мекендерде тұ­ратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бо­йынша әлеуметтік көмекке қаралған қар­жы 40 млн 814 мың теңгені құрайды, бү­гінге дейін 2459 маманға 38675,2 мың теңге та­ғайындалып, 2457 маманға 38643,7 мың теңге төленді.
– Мүгедектігі бар адамдардың құ­қығын қамтамасыз ету және олар­дың өмір сүру сапасын жақсарту ба­­­ғытында қандай шаралар қолға алын­­­ды?
– Аудан бойынша мүгедектердің ор­та­лықтандырылған деректер қорына сәй­кес қараша айына дейін 1005 мү­ге­дектігі бар адам тіркелген. Оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар 243 ба­ла бар. Мүгедектерді сауықтыру жеке оңалту бағдарламасы негізінде жүзеге асы­рылады. Барлығы 1607 жеке оңалту бағ­дарламасы бойынша өтініш түсіп, оның 1558-і орындалды.
Қарашаға дейін 875 мүгедектігі бар адам міндетті гигиеналық құралдармен қамтылды. Оның ішінде 76-сы кресло ар­­бамен, 147-сі санаторлы-курорттық жол­­да­мамен, 121-і тифлотехникалық құ­рал­дармен, 18-і сурдотехникалық құ­рал­­­дармен, 205-і протездік ортопе­дия­лық құралдармен қамтамасыз етілді. Ес­ту ке­містігі бар 6 мүгедектігі бар адам­ға 1 ым­дау тілінің маманы, жүріп-тұруы қиын І топтағы мүгедектігі бар 110 адамға жеке көмекшілермен қызмет көрсе­тіліп ке­леді.
Осыған дейін облыстық мүгедектерді оңалту орталығына 36 адам жіберілді. Оның ішінде 9 зейнеткер бар. Он ай­да 100 мүгедектігі бар адамға, оның ішін­де 18 жасқа дейінгі 63 балаға үйден әлеу­меттік қызмет көрсетілуде. Мүге­дек­тігі бар балаларды үйде оқытуға жұм­сал­ған шығындарды өтеу бойынша 6 млн 901 мың теңге қаралды. Он айда 58 мүге­дек­тігі бар баланың ата-анасынан құ­­жат­тар қабылданып, 3 млн 495 мың тең­ге тө­лен­ді.
Қызылорда қаласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығына 1 мүгедектігі бар бала ор­на­ластырылды. Сондай-ақ облыс орта­лығындағы №1 арнаулы әлеуметтік қыз­меттер көрсету орталығына 1 мүге­дектігі бар адам орналастырылды. Ау­дан бо­йынша тірек қозғалыс аппараты бұ­зыл­ған және психоневрологиялық пато­ло­гиясы бар мүгедектігі бар балаларға күндізгі стационар жағдайында 12 балаға дейін арнаулы әлеуметтік қыз­мет­ көрсетіледі. «Кажмахан» жер­гі­лікті қоғамдық бірлестігімен қыркүйек айында келісім-шарт жасалды. Жергі­лікті бюджеттен 2025 жылға 12 млн 251 мың теңге қаралды. Жыл басынан бері «Әре­кетке қабілетсіз немесе әре­кетке қа­­білеті шектеулі кәмелетке ­тол­ған адам­­­­дарға қорғаншылық немесе қам­­қор­шылық белгілеуге» 6 адамға қор­­ған­шы­лық немесе қамқоршылық та­ғайын­дал­ды.
– Жалпы олардың ішінде еңбекке жарамды азаматтарды жұмыспен қам­­­ту шаралары өз деңгейінде жүзеге асып жатыр ма және мүмкіндігі шек­теу­лі жандарға басқа да қандай қол­дау­лар бар?
– «Қызылорда облысының 2025 жыл­ға арналған әлеуметтік саласы бо­йын­ша квоталар белгілеу туралы» Қы­зыл­­орда облысы әкімдігінің 2024 жылғы 12 желтоқсандағы №188 қаулысына сәй­­кес 2025 жылға 2 мекемеге 2 жұмыс ор­­ны бекітіліп, 2 квота да орындалды. Тар­­­қа­тып айтсақ, №114 орта мектепке 1 адам жұмысқа орналасты. Сондай-ақ Ә.Бер­даулетов атындағы №34 орта мек­те­­пке тағы 1 адам жолданды.
Мүгедектігі бар адамдар үшін инфра­құрылымды бейімдеу мақсатында Жа­­­лағаш ауданы бойынша тиісті жұ­мыс­­тар атқарылуда. «Amanat» ­пар­тия­­­­сы­ның 2023-2027 жылдарға арнал­ған «Ха­лық­пен бірге!» сай­лауалды бағ­­­дар­­ламасын орын­дау бойынша ау­­дан­­да биыл 10 ны­санды бейім­деу жос­пар­­­ланған. Бар­лы­ғы толық бейім­деліп, рес­публикалық қол­же­­тімділіктің инте­рак­тивті картасына ен­гі­зілді.
– Еңбек мигранттарына еңбек қыз­­­метімен айналысуға рұқсат беру, ұзарту, кері қайтарып алу, пробация қызметтері қалай жүзеге асуда?
– «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат­ беру, ұзарту және кері қайтарып алу қа­ғидаларын бекіту туралы» Ең­бек жә­не халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі №123 бұйрығына сәйкес 2022 жылы 16 ма­мыр­дан бастап Қазақстанға «Шетелдік жұмыс күшін тарту» мемлекеттік қызметі автоматтандырылған ақпараттық жүйе­сі арқылы көрсетіліп келеді. Еңбек ми­гранттарына еңбек қызметімен айна­лысуға рұқсат беру, ұзарту және ке­рі қайтарып алу қызметі бойынша 10 айда 67 өтініш түсті. Оның 48-іне рұқсат бе­рілсе, 8-і ұзартылса, 11-інен бас тар­тыл­­ды. Биыл жұмыс жасауға рұқсат бе­­рілген еңбекші көшіп келушілерден 1 млн 187 мың 464 теңге салық түсімдері түсті. Өтініш білдіргендердің барлығы Өз­­бек­стан азаматы.
Пробация қызметі бойынша боса­тыл­ған және аудандық пробация қыз­метінде есепте тұрған 42 азамат бар. Оның ішінде 39-ы пробация қызметінде және 3-еуі полиция бөлімінде есепке алынған. Тарқатып айтсақ, олардың ішінде 7-еуі шартты жазаға сотталған. 25-і бас бос­тан­дығынан шектеу жазасына сот­талған. 7-еуіне белгілі бір қызметті атқару немесе белгілі бір іс-әрекетпен шұғылдануға ты­йым салынған. 3 адам мерзімінен бұ­рын шартты түрде босатылып келген. Олар­дың 27-сі Жалағаш кентінде болса, 15-і ауылдық елді мекендер үлесінде.
Қазіргі таңда олардың 14-і тұрақты жұмысқа орналасты. 6-ауы қоғамдық жұ­мысқа жіберілді. 4-еуі өзін-өзі жұмыспен қамтыса, 3-еуі жұмыссыз. Біреуі денсау­лығына байланысты уақытша жұмыссыз. Сондай-ақ 5-еуі зейнеткер. Біреуі мүм­кіндігі шектеулі жан болса, тағы біреуі студент. Ал жетеуінің жоғарыда айт­қа­­нымдай, белгілі бір қызметті ат­қару не­месе белгілі бір іс-әрекетпен шұғыл­да­нуына тыйым салынған.
Жыл басынан бері «Мансап» орталы­ғына «жұмыс іздеуші» ретінде 25 адам тіркелді. Оның 11-і тұрақты жұмысқа ор­наласты, оның ішінде 6-ауы квота бо­йынша, 9-ы ақылы қоғамдық жұмысқа, 1 адам маусымдық жұмысқа жолданды. Екі адам қайтарымсыз грант алып, өз кәсібін ашқан, 2 адам тіркеуден шыға­рылған.
Бас бостандығынан айыру орындары­нан босатылған азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек беру мақсатында 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 8 адамның құжаты арнайы комиссияда қа­ралып, тиісті қаражат төленді. Жыл ба­сынан бері пробация қызметіндегі 5 адамға 124 мың теңге көлемінде азық-түліктей көмек көрсетілді.
«Қызылорда облысының 2025 жылға арналған әлеуметтік саласы бойынша квоталар белгілеу туралы» 2024 жылғы 12 желтоқсандағы №188 қаулысына сәй­­­кес, Жалағаш ауданы бойынша бас бос­­тандығынан айыру орындарынан бо­­са­тылған және пробация қызметінің есе­­бінде тұрған адамдарды жұмысқа ор­на­ластыру үшін 6 квота белгіленген бола­тын. Оның ішінде пробация қыз­ме­тіне есепке алынғандарға 5 және бас бостандығынан айыру орындарынан бо­са­тылғандарға 1 квота белгіленді. Мұ­ның бәрі толық орындалды.
Есепті кезеңге аудандық пробация қызметінің есебіндегі адамдарды әлеу­­меттік қолдау жобасы аясында 4 іс-ша­ра өткізілді. Атап айтқанда, «Жі­гер» Қы­­зылорда облысы мүгедек­терінің қо­ғамдық бірлестігінің ұйым­дас­ты­руымен 4 сәуірде дойбыдан жа­рыс ұйым­дас­ты­­рылса, 20 мамыр күні аудан­дық про­куратураның прокуроры, адво­кат және психолог мамандардың қаты­суы­мен пси­хо­логиялық, әлеуметтік және құ­қықтық көмек көрсету мақсатында се­минар-тренинг өткізілді. 4 шілде күні ау­дандық «Руханият» орталығында «Про­бация: мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өзара іс-қимылы» атты дөң­гелек үстел өткізілді. Тамыз айында «Мек­тепке жол» акциясы өтті. Жалпы аталған шаралармен барлығы 84 адам қамтылды. Сонымен қатар Б.Құлтекенов атындағы жабық бассейнде 2 рет жүзу спортынан жарыс ұйымдастырылып, про­бация қызметінде есепте тұратын 4 адам қатысты.
2025 жылы 10 маусым күні «Нар­кес­кен» спорт клубында Жастар ре­сурс­тық орталығымен бірлесіп «NEET» са­натындағы маргинал жастар мен про­бация есебінде тұратын азаматтар ара­сында кермеге тартылу мен қол күресінен жарыс өтіп, 30-ға жуық азамат қатысты. Мемлекеттік бағдарламалар аясында кә­сіби мамандықтарға оқы­ту немесе жеке кәсіппен айналысу мүм­кін­діктері туралы түсіндірме жұмыста­ры жүргізіліп, қайта қылмысқа бейім аза­маттардың қайталап қылмыс жасамауы және қоғамдық тәр­тіп бұзып, әкімшілік жауапкершілікке тар­тыл­мауы үшін ес­кер­ту жасалды.
– Жалпы азаматтарды жұмыспен қамту бойынша нақты жобалардың барына көз жеткіздік. Енді сол жұ­мысқа орналасқандардың құқығы қор­ғалып жатыр ма? Сұрайын де­генім, олардың уақытылы жалақы алуы, оларға міндетті төлемдердің уа­қы­тылы жүргізілуі, өндірістік жарақат алмауы үшін қандай шаралар қолға алынуда?
– Биыл әлеуметтік әріптестік жөнін­дегі аудандық үшжақты комиссияның 7 рет отырысы өтті. Онда жаңа өзіңіз ай­тып отқан жалақыларының ­төлен­беуі, міндетті төлемдердің уақы­тылы жүр­­­гі­зілмеуі, еңбек ­қарым-қатынас­та­­ры­ның жағ­дайы, кәсіпорындар мен ұйым­­­дар­да ұжымдық шарт жасасу, сон­дай-ақ өндірістік жарақаттанудың ал­дын алу бойынша қабылданып жат­қан ­ша­ра­лар туралы мәселелер қарал­ды. Со­ны­мен қатар қауіпсіз еңбек жағ­дай­­ла­рын қам­та­масыз ету бойынша ­бар­лық ме­кеме, ұйым және кәсіпорын бас­шы­­ларына тиісті тапсырмалар беріліп, мониторинг жұмыстары үнемі жүргізіліп келеді. Атал­ған мәселелер әлеуметтік әріп­тестік пен әлеуметтік және еңбек қаты­настарын рет­­­теу жөніндегі аудандық үш­жақты ко­­­мис­­сияда қаралып, бақы­лауға алын­­ды.
– Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан
Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: