Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

20°C

, Жексенбі, 06 қазан, 11:26

«Батыр Аналар» референдумға әндетіп келді

06.10.2024

72

0

Еңбектегі «Батыр Аналар» ансамблінің әжелері референдумда өз таңдауларын жасады. Ауылдағы медениет үйінде орналасқан №149 дауыс беру учаскесіне әндетіп келген әжелер осылайша жерлестеріне үлгі болды.

Айта кетейік, ауылдағы «Батыр Аналар» ансамблі 1988 жылы ХІХ Партия конференциясының қарсаңында партком хатшысы Кеніш Жұмалиева, оқу ісінің үздігі, зейнеткер Балтабаева Орынкул, совхоз директоры Еспанов Ұзақ, ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Садықова Балдай, ауылдық мәдениет үйінің директоры Сейдуллаева Зоялардың ақылдасуымен 19 Батыр анадан құрылып, ең алғаш концертін 1988 жылдың 7 наурызында ауылдық мәдениет үйінде қойды. Мұнан кейін көршілес  Жаңадария ауылынан бастап Ақарық, Бұқарбай батыр, Ақжарма, Аққұм, Шаған, Мырзабай, Мәдениет, Жаңаталап ауылдары мен аудан орталығына концерттік іс-сапармен шығып, өз өнерлерін көрсетті. Ансамбілде Бұрышова Айнагул, Каукенова Набира, Есімова Жанымкул, Толыбаева Әдеп, Аяпова Ақзереп, Итенова Қантай, Бексейтова Жұмакул, Жұмағулова Абаштар қазақ халық әндері мен қатар өзге ұлт әндерін әуелете орындаса, Жалғасбаева Зәпен қазақ билерін биледі, ансамбіл жетекшісі Жұбатханова Рахия өзбек, сыған,үнді билерін бабына келтіре орындады. Асамбіл құрамындағы Тоқабаева Дәркул, Нұрханова Рая, Жаңабаева Гулсімдер түрлі көріністер мен интермедиялар көрсетті. Ансамбіл құрамы толығып, 26 ға жетті.

«Батыр Аналар» ансамблінің қазіргі құрамы өз қолдарынан келетін ұлттық нақыштағы өнерлерін балаларға үйретуде. 26 анадан құрылған «Батыр Аналар» ансамблінен қазіргі таңда 16 батыр ана немере-шөбере сүйіп отыр. 2018 жылы  «Батыр аналар» ансамблінің 30 жылдық мерейтойы үлкен көлемде аталып өтілді.

Айта кетейік, Еңбек ауылындағы №149 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 7.00-де өз жұмысын бастады. Дауыс беруге бірінші келген ауылдағы ең қарт сайлаушы Әбдіғаппар Ысқақов батасын беріп, өз таңдауын жасады. Бір сөзбен айтқанда, ауылдағы қазыналы қариялар саяси науқанда белсенділік танытуда.

Еңбекте 724 дауыс беруші бар, оның 11-і 18 жасқа енді толса, жалпы дауыс берушілердің 87-сі – қарт кісілер. Ал жетеуі үйден дауыс береді.

«ЖЖ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: