Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-7°C

, Сәрсенбі, 11 желтоқсан, 20:30

Биыл педагогтардың жалақысы арта ма?

16.01.2024

255

0

2025 жылы білім беру ұйымдарының педагог емес қызметкерлерінің жалақысы 100 пайызға артады. Бұл жайында Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті, – деп хабарлайды Қазақпарат.

«Мемлекет басшысы мен ел Үкіметі бюджет саласы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мәселесіне үнемі ерекше назар аударады. Бюджет саласының қызметкерлерінің, оның ішінде педагогтердің жалақысы бірнеше рет (2001 жылы – 30, 2002 жылы – 35, 2004 жылы – 20, 2006 жылы – 32, 2007 жылы – 30, 2008 жылы – 8, 2009 жылы – 25, 2010 жылы – 25, 2011 жылы – 30, 2014 жылғы 1 сәуірден бастап – 10, 2016 жылы шамамен – 11, 2019 жылы шамамен 50 пайызға) көтерілді. Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаға сәйкес, 2020-2023 жылдары кезеңінде педагогтердің жалақысы екі есеге (2020 жылы – 25 (2019 жылғы базаға қарағанда), 2021 жылы – 50, 2022 жылы – 75 және 2023 жылы – 100 пайызға) артты. Сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие және оқыту педагогтерінің жалақысы 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап тағы 30 пайызға көтерілді. Биыл педагогтердің жалақысын арттыру қарастырылмаған», – деп атап өтеді министрліктен агенттіктің ресми сауалына орай.

Ведомствоның мәліметінше, Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмасын орындау үшін білім беру ұйымдарында қызмет атқаратын педагог емес қызметкерлердің (әкімшілік және қосалқы персонал қызметкерлерінің) жалақысы 2022-2025 жылдар кезеңінде орта есеппен 20 пайызға көтеріліп жатыр.

Мәселен, олардың жалақысы 2022 жылы – 23, ал өткен жылы  45 пайызға ұлғайды.

«Осылайша, білім беру ұйымдарының әкімшілік және қосалқы персонал қызметкерлерінің жалақысы 2024 жылы 71 пайызға өсті. Аталған санаттағы қызметкерлердің жалақысын 2025 жылы 100 пайызға арттыру жоспарланған», – деді министрліктен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: