Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Сенбі, 21 желтоқсан, 20:58

Депутаттық фракция – істе. Атқарылған жұмыстар бойынша брифинг өткізілді

27.09.2023

144

0

Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Гүлжайна Айтжанова бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне аудандық мәслихаттағы депутаттық фракцияның және өзі сайланған сайлау округтері бойынша орындалып жатқан шаралар туралы таныстырды.

Тұрғындар Батыс Еуропа – Батыс Қытай көлік жолы — халықаралық транзиттік автожолының Қызылорда қаласы және Арал аралығында мал өткелдері мен жарық шамдардың жоқтығын жеткізді. Бұл мәселе оңынан шешіліп Астана қаласында «AMANAT» партиясынан сайланған депутаттардың алғашқы республикалық форумында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлік өкілдеріне мәселені жолдауға үлкен мүмкіндік болды. Қазіргі күні тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр – деді Гүлжайна Айтжанова.
Жаңадария ауылы бойынша балалар ойын алаңы аудандық бюджет есебінен салынды. Сонымен қатар, 4 көшені яғни Қ.Сәтбаев, Жаңадария, Достық, Мектеп көшелерін күрделі жөндеуге жоба сметалық құжаттар әзірленуде.
Аққұм елді мекенінде су тарату жүйесінен аула ішілік су тарату желісінің құрылысы жобасын қоса қаржыландыру аяқталып, бүгінде нысан пайдалануға берілді. Аққұм елді мекенінің 10 көшесін атап айтқанда, Х.Сарбасов, Аққұм, И.Мұстаяпов, І.Доспанбетов, Р.Книязов, Е.Түменбаев, З.Лекеров, Жастар, Желтоқсан, Б.Ақдәулетов көшелерін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қолға алынды. Қазіргі күні Аққұм көшесі жөндеуден өткізіліліп жатыр. К.Бекенов көшесін жарықтандыруға мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Гүлжайна Айтжанова тұрақты түрде Аққұм және Жаңадария ауылдық округтерінде жеке қабылдау өткізіп жүргендігін, сонымен бірге, партияның «Халықпен бірге!» атты 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында өңірлік Жол картасы бойынша депутаттық фракция отырысында жауапты сала басшыларының есебін қарап, орындалуы бойынша тиісті жұмыстар жүргізіп жатқандығын айтып өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: