Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Жұма, 21 ақпан, 23:18

Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

14.02.2025

58

0

Бүгінде елімізде 2 млн 445 мың мың зейнеткер бар. Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 346 млрд теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 111,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 234,2 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 248 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 789 теңге, базалық зейнетақы – 47 459 теңге», деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 1 қаңтарда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2% – ға оза отырып ұлғайтылған еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: