Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Жұма, 29 қараша, 03:47

ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР ЖАНДАРДЫ ЖҰМЫС ҚАМТУДЫҢ 2-3% ШЕҢБЕРІНДЕ ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.

31.01.2024

509

0

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жан-жақты қолдау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Осы тұрғыда, «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалыптастыру мақсатында тұрақты түрде пандустарға мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, ҚР әлеуметтік кодексіне сәйкес жергілікті атқарушы орган ауыр жұмысты, еңбек жағдайы зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган тиісті мөлшерде мүгедектігі бар жандарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілейді. Осы орайда, бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракция жетекшісі Гүлзат Құрманбаева және Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Кенжеғара Ержас еңбек ұжымдарына мониторинг жұмыстары жасап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мониторинг жұмыстары Жалағаш индустриалды аграрлық колледжі, Әл-Фараби атындағы №202 мектеп-лицей, №31 мектеп-гимназия және З.Жарқынбаев №202 орта мектеп ұжымына жүргізілді. Аталған ұжым басшыларына тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізді

АМАНАТ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: