Аудан әкімінің міндетін атқарушы Арнұр Нұрмағанбетовтың төрағалығымен актив отырысы өтті. Жиынға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев пен аудандық мәслихат төрағасы Өмірзақ Елеусінов бастаған бірқатар азаматтар қатысып, аудан әкімдігіндегі бірқатар кадрлық өзгерістер айтылды.
Жалағаш ауданы әкімінің 2023 жылғы 16 тамыздағы №335 өкімімен Ержан Қайнарбаев Жалағаш ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. Ержан Еділбайұлы 1986 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы бастауыш сынып мұғалімі, тарих мамандығы бойынша бакалавры, құқықтану.
Еңбек жолын ең алғаш 2007 жылы Жалағаш ауданы Жалағаш кентіндегі Т.Жүргенов атындағы №123 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған ол 2011-2013 жылдары – Жалағаш аудандық білім бөлімінің бас маманы. 2013-2015 жылдары – Жалағаш ауданы әкімі аппаратында персоналды басқару бөлімінің бас маманы. 2015-2018 жылдары – Жалағаш ауданы әкімі аппаратында персоналды басқару бөлімінің бас инспекторы. 2018-2023 жылдары Жалағаш ауданы әкімі аппаратында ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы болса, 2023 жылдың ақпан айынан бастап осы уақытқа дейін Жалағаш ауданының қоғамдық даму бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарған.
Жалағаш ауданы әкімінің 2023 жылғы 9 тамыздағы №325 өкімімен Сағал Уәлихан Таңатарұлы Жалағаш ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Уәлихан Таңатарұлы 1995 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы құқық бакалавры. Еңбек жолын 2018 жылы Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде әдіскер болып бастаған. 2020-2023 жылдары Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы болып, 2023 жылдың қаңтар айынан осы уақытқа дейін Жалағаш ауданының қоғамдық даму бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған.
«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының сайланған әкімдерді тіркеу туралы 2023 жылғы 13 тамыздағы №7 шешіміне сәйкес, 2023 жылғы 14 тамыздағы №332 өкімімен Төлеген Қорғанбек Мәдениет ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланды.
Төлеген Қорғанбекұлы 1989 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы дене шынықтыру және спорт. Еңбек жолын 2009 жылы Жалағаш ауданы Жалағаш кентіндегі №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы болып бастаған. 2013-2017 жылдары – Қызылорда қаласындағы «Қадам Б.М.К» ЖШС-да бөлім басшысы, «Спорттық АДС Джиу-Джитсу Шин Айкидо федерациясы республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы филиалында бас менеджер. 2017 жылы – Жалағаш кентіндегі «Наркескен» спорт клубында спорт нұсқаушы. 2017-2021 жылдары – Қызылорда қаласында «Айбар» ЖШС директорының орынбасары. 2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін жеке кәсіппен айналысқан.
– Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның саясаты мен идеясын алға апарушы мемлекеттік қызметші екені белгілі. Сондықтан мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет. Қазақта жақсы сөз бар «елдігі мықты елдің, тірлігі құтты болады деген». Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші мемлекеттік биліктің ауқымды екенін, оның мақсаттары биік екенін жете түсініп, жауапкершілікпен қарау керек. Өз ісін жетік меңгерген, мамандығына адал мемлекеттік қызметкерлер елге қызмет жасаған уақытта біздің барлық мақсатымыз, алға қойған міндеттеріміз орындалады деп сенемін. Сондықтан бүгінгі тағайындалған әріптестеріме сәттілік тілеймін. Мемлекеттік қызметте адал еңбек етіп, елдің дамуына, өркендеуіне ұзақ жылдар үлес қосқан ардақты ағаларымыз отыр. Осы кісілердің өнегесін, өрелі сөздерін естіп, жолын жалғастырамыз деген сенімдемін, – деді Арнұр Нұрмағанбетов.
Ақтоты ЕРЖАНҚЫЗЫ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!