Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

20°C

, Бейсенбі, 09 мамыр, 21:39

Ержан Қайнарбаев – аппарат басшысы

20.08.2023

916

0

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Арнұр Нұрмағанбетовтың төрағалығымен актив отырысы өтті. Жиынға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев пен аудандық мәслихат төрағасы Өмірзақ Елеусінов бастаған бірқатар азаматтар қатысып, аудан әкімдігіндегі бірқатар кадрлық өзгерістер айтылды.

Жалағаш ауданы әкімінің 2023 жылғы 16 тамыздағы №335 өкімімен Ержан Қайнарбаев Жалағаш ауданы әкімі ап­па­ратының басшысы лауазымына та­ғайындалды. Ержан Еділбайұлы 1986 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, ма­мандығы бастауыш сынып мұғалімі, тарих мамандығы бойынша бакалавры, құқықтану.

Еңбек жолын ең алғаш 2007 жылы Жалағаш ауданы Жалағаш кентіндегі Т.Жүргенов атындағы №123 орта мек­тепте бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған ол 2011-2013 жылдары – Жа­лағаш аудандық білім бөлімінің бас маманы. 2013-2015 жылдары – Жалағаш ауданы әкімі аппаратында персоналды басқару бөлімінің бас маманы. 2015-2018 жылдары – Жалағаш ауданы әкімі аппаратында персоналды басқару бө­лімінің бас инспекторы. 2018-2023 жыл­дары Жалағаш ауданы әкімі аппа­ратында ұйымдастыру-бақылау бө­лі­мінің басшысы болса, 2023 жылдың ақ­пан айынан бастап осы уақытқа дейін Жа­лағаш ауданының қоғамдық даму бө­лімінің басшысы қызметін абыроймен атқарған.

Жалағаш ауданы әкімінің 2023 жыл­ғы 9 тамыздағы №325 өкімімен Са­ғал Уәлихан Таңатарұлы Жалағаш ау­да­ны әкімі аппаратының қаржы-ша­руа­­шы­лық бөлімінің басшысы лауа­зымына та­ғайындалды.

Уәлихан Таңатарұлы 1995 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, ма­ман­дығы құқық бакалавры. Еңбек жо­лын 2018 жылы Жалағаш аудандық эко­номика және бюджеттік жоспарлау бө­лімінде әдіскер болып бастаған. 2020-2023 жылдары Жалағаш аудандық эко­номика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы болып, 2023 жыл­дың қаңтар айынан осы уақытқа дейін Жалағаш ауданының қоғамдық даму бөлімінің сектор меңгерушісі қыз­метін атқарған.

«Қазақстан Республикасының жер­гілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Респуб­ли­касының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Жалағаш аудандық сай­лау комиссиясының сайланған әкім­дерді тіркеу туралы 2023 жылғы 13 та­мыздағы №7 шешіміне сәйкес, 2023 жылғы 14 тамыздағы №332 өкімімен Төлеген Қорғанбек Мәдениет ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланды.

Төлеген Қорғанбекұлы 1989 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, маман­дығы дене шынықтыру және спорт. Еңбек жолын 2009 жылы Жалағаш ауданы Жалағаш кентіндегі №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы болып бастаған. 2013-2017 жылдары – Қызылорда қала­сындағы «Қадам Б.М.К» ЖШС-да бө­лім басшысы, «Спорттық АДС Джиу-Джитсу Шин Айкидо федерациясы рес­­публикалық қоғамдық бірлестігінің Қы­зылорда облысы филиалында бас менеджер. 2017 жылы – Жалағаш кен­тіндегі «Наркескен» спорт клубында спорт нұсқаушы. 2017-2021 жылдары – Қызылорда қаласында «Айбар» ЖШС директорының орынбасары. 2021 жыл­дан бастап осы уақытқа дейін жеке кәсіппен айналысқан.

– Әрбір өркениеттің өріне қадам бас­таған мемлекеттің ең басты ті­регі, оның саясаты мен идеясын алға апарушы мемлекеттік қызметші екені белгілі. Сондықтан мемлекеттік қыз­меткер болу – мәртебелі міндет. Қа­зақта жақсы сөз бар «елдігі мықты елдің, тірлігі құтты болады деген». Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші мемлекеттік биліктің ауқымды екенін, оның мақсаттары биік екенін жете түсініп, жауапкершілікпен қарау керек. Өз ісін жетік меңгерген, мамандығына адал мемлекеттік қызметкерлер елге қызмет жасаған уақытта біздің барлық мақсатымыз, алға қойған міндеттеріміз орындалады деп сенемін. Сондықтан бүгінгі тағайындалған әріптестеріме сәт­тілік тілеймін. Мемлекеттік қыз­метте адал еңбек етіп, елдің да­муы­на, өркендеуіне ұзақ жылдар үлес қос­қан ардақты ағаларымыз отыр. Осы кісілердің өнегесін, өрелі сөз­де­рін естіп, жолын жалғастырамыз деген сенімдемін, – деді Арнұр Нұрма­ған­бетов.

Ақтоты ЕРЖАНҚЫЗЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: