Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-7°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 09:08

Есірткісіз өмір ғажайып!

09.11.2023

349

0

Бүгінгі күні адамзат арасында есірткі мәселесі жайлы толғанбайтын адам қалмаған болар. Себебі, қазіргі таңда жастар мен жеткіншектер арасындағы есірткі тақырыбы өзекті мәселеге айналуда. Адам өмірі біздің – ең басты құндылығымыз.

Есірткімен күресіп қана қоймай, оны болдырмаудың алдын алу мақсатында атқарылатын шаралар бойынша ауқымды жұмыстарды барлығымыз жұмыла жүзеге асыруымыз қажет. Сонда ғана біз оң нәтижелерге қол жеткізе аламыз. Қолдау болмаған жерде бір де бір іс табысты аяқталмайды.

Есірткісіз өмір – бұл шынайы эмоцияларға, физикалық және моральдық денсаулыққа, жақын адамдарының күлкісіне толы бақытты өмір. Біздің бәрімізде әлсіздік бар, бірақ ешқашан тәуелділікке бой алдырмауымыз керек. Қосымша тәуелділіктерсіз бақытты өмір сүрейік!

Жанерке Төлеу

№31 мектеп-гимназиясының

6 «в» сынып оқушысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: