Алматыда қуатты жер сілкінісі болды. Бұл туралы Kazinform хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпуі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қазақстен мен Қырғызстан шекарасы аумағында болды.
Энергетикалық санаты – 15.1. MPV тербелісі – 6.7. Тереңдігі – 65 км.
Жер сілкінісі Алматыда 4 балл деңгейінде (MSK-64 шкаласы бойынша) сезілді.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өзара іс-қимыл алгоритмі бойынша тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілді. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмысына мониторинг жүргізіліп жатыр.
Алматы тұрығындары үрейленіп, үйінен көшеге, далаға шығып жатыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!