Шиелі ауданының “Руханият” орталығында 23 сәуір – Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар мерекесіне орай «РУХАНИ ӘЛЕМ» атты ашық аспан астында мәдени шара өтті.
Ашық аспан астындағы мәдени шара барысында аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов сөз сөйлеп, кітап – адамзаттың рухани байлығының алтын қазығы, ұлттың ой-санасын қалыптастыратын басты құндылық екенін атап өтті. Сондай-ақ ,аудан әкімінің орынбасары кітапханашылар қауымының еңбегіне жоғары баға беріп, олардың қоғамдағы ағартушылық рөлі айрықша екенін жеткізді.
Сонымен қатар, салаға сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар кітапхана қызметкерлері мен белсенді оқырмандар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!