Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-7°C

, Бейсенбі, 12 желтоқсан, 04:39

Кассациялық соттың тиімділігі

10.12.2024

83

0

Мемлекет басшысы 1 шілде 2025 жылдан бастап қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша дербес кассациялық соттар құруды көздейтін «Кейбір конституциялық заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңға қол қойды.

Кассациялық соттың негізгі міндеті – сот шешімдерін қабылдау кезінде заңдардың дұрыс қолданылуы мен түсіндірілуінің сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

Кассациялық сот – сот шешімдерін қадағалайтын және түзететін сот жүйесінің бір түрі. Істерді кассациялық сатыдағы сотта қарау белгілі бір негіздер бойынша ғана мүмкін болады.

Кассациялық сатыдағы сот шешімдердегі нормалардың сақталуын тексеруге баса назар аударады. Кассациялық сот заң тәжірибесінде маңызды рөл атқарады және құқықтық жүйенің дамуына ықпал етеді.

Оның шешімдері қоғамдағы дауларды шешуде өте маңызды. Мұндай сот жалпы юрисдикциядағы соттар жүйесінде соңғы шешуші инстанция ретінде әрекет етеді.

Кассациялық сатыдағы сот бірыңғай заң тәжірибесі мен сот практикасын қалыптастыруда маңызы зор. Кассация біркелкі нормаларды белгілеуге, заңнаманы түсіндіруге және үйлестіруге, сондай-ақ кейінгі істер мен сот шешімдеріне үлгі болатын жаңа прецеденттерді жасауға әсер етеді.

Істер тікелей кассациялық инстанцияға түседі деп жоспарлануда. Алқа үш судьядан тұратын болады. Қаралған сот актілерін қайта қарау, істі талап ете отырып және ауызша сот процесінде тараптарды шақырта отырып, алдын ала қараусыз жүргізілетін болады.

Кассациялық тәртіпте, заңды күшіне енген сот актілерін қарау, алдын ала қарауды өткізбеу, істі мәні бойынша ақылға қонымды 6 айға жуық мерзімде қарау көзделген.

Кассациялық соттың шешімі түпкілікті және міндетті болып табылады.        

Кассациялық сот сот жүйесін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады.

Аудандық соттың бас маманы

сот приставы                                                                              М.Алиякпаров

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: