Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен арнайы жиында бірқатар Сенат депутаттары Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен тағайындалған мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Сенат қабырғасында өткен жиында жерлестеріміз, Парламент Сенатының депутаттары Нұртөре Байтелесұлы Жүсіп мемлекеттік жоғарғы награда – ІIІ дәрежелі «Барыс» орденімен және Руслан Рүстемұлы Рүстемов «Құрмет» орденімен марапатталды.
Мәулен Әшімбаев жиында жерлестеріміздің елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан жаңа Ата Заңды әзірлеуден бастап, оның әр нормасын азаматтармен талқылау, халыққа түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысқанын айтып өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!