Құрылтай

Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

40°C

, Жұма, 17 шiлде, 19:36

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – уақыт талабы

17.07.2026

9

0

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекет пен халықтың сеніміне нұқсан келтіретін теріс құбылыс. Ол әділдік қағидаттарын бұзып, заңның үстемдігіне зиянын тигізеді. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әрбір азаматтың ортақ міндеті.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін заң талаптарын сақтау, ашықтық пен адалдық қағидаттарын ұстану маңызды. Әр адам өз ісіне жауапкершілікпен қарап, пара беруден де, алудан да бас тартуы қажет. Білім беру ұйымдары мен мемлекеттік мекемелерде адалдық мәдениетін қалыптастыру – бұл бағыттағы маңызды қадамдардың бірі.

Жемқорлықсыз қоғам құру үшін мемлекет пен азаматтар бірлесе әрекет етуі керек. Әрбір азамат заң бұзушылыққа бейжай қарамай, өз құқықтары мен міндеттерін білуі қажет. Сонда ғана әділ, ашық және дамыған қоғам қалыптастыра аламыз.

Жалағаш аудандық қазынашылық мемлекеттік басқармасы бас маман-бас қазынашы Гульнур Касымова

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: