Аққыр ауылдық округіндегі №140 сайлау учаскесінде көпбалалы аналар өздерінің азаматтық ұстанымын білдіріп, дауыс берді.

Олардың қатарында «Батыр ана» иегері Әлібекова Сағаткүл, сондай-ақ «Күміс алқа» иегерлері Мұстафина Айнұр мен Түкібаева Әсемкүл бар.
Ардақты аналар елдің ертеңі әр азаматтың саналы таңдауынан басталатынын айтып, сайлауға қатысу – әрбір азаматтың маңызды міндеті екенін жеткізді. Олар тұрғындарды ел тағдырына бейжай қарамай, азаматтық белсенділік танытуға шақырды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!